Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет44/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
6. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі
.
Қазақтың күйшілік ӛнері ӛркен жайып, ерекше дамыған ӛлкелердің 
бірі – Батыс Қазақстан аймағы. Батыс күйшілік дәстүрінің кӛрнекті 
ӛкілдері Махамбет, Боғда, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Мәмен, 
Түркеш туындыларын қазақ ӛнерінің ғана емес, бүкіл түркі әлемі 
музыкасының жетістігі деп айтуға болады. Батыс күйшілік мектебінің 
қайнар кӛзінде күйші, әрі жырау, батыр бабамыз Махамбет тұр. Кӛнеден 
тамыр тартқан жыраулық дәстүр ӛкілі Махамбеттің күйлері айбынды 
жырларымен сарындас болып келеді. Ішкі Бӛкей ордасында бүкіл ғұмырын 
ӛткізген Махамбет күйлерін сол Исатай бастап, ӛзі қостаған жорық 
жылдарының музыкалық портреті десе де болады. 
Махамбеттің толғау жырларындағы тегеурінді сарындар осы 
мектептің теңдессіз тұлғасы Құрманғазы күйлеріне де жат емес. ХVІІІ-ХІХ 
ғасырларда Бӛкей ордасында аса күшті домбырашылық мектеп 
қалыптасты. Екі үлкен бағытта дамыған Бӛкей күйшілік дәстүрі 
Құрманғазы, Дәулеткерей есімдерімен тығыз байланысты. Батыс 
Қазақстан күйшілік дәстүрінің ең кӛрнекті тұлғасы, күй атасы атанған 
Құрманғазы Сағырбайұлы – әлемдік ӛредегі алып композитор. 
Құрманғазының аса күрделі шығармашылығы дыбыстық бояуларының 
қанықтығымен, алапат тегеурін, ырғақтық иірімдерінің алуандығымен 
ерекшеленеді. 
Құрманғазының күйшілік тұлғасын, жан дүниесін толық танытатын, 
қуатты оттай бұрқыраған «Сарыарқа», «Тӛремұрат», «Кішкентай», 
«Серпер», «Терісқақпай», «Балбырауын» сияқты күйлерінің әрқайсысы – 
қайталанбас, кесек туындылар. Құрманғазының күйшілік дарыны сан 
қырлы. Оның «Адай», «Тӛремұрат», «Терісқақпай», «Серпер» сияқты 
күйлерінен асқақ батырлық рух сезілсе, «Қайран шешем», «Аман бол, 
шешем, аман бол», «Айда, бұлбұл Айжан-ай», «Балқаймақ» сынды 
туындылары ой-толғам, сырлы сезім толғаныстарына құрылған.
Құрманғазы қалыптастырған күйшілік мектептің аса дарынды ӛкілі 
Дина Нұрпейісова – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр дәстүрін біріктірген, сондай-
ақ, Құрманғазы мектебінің жігерлі екпінін, Дәулеткерей дәстүрінің 
фәлсәфасын, ақсүйектік нәзіктігін терең меңгерген күйші. Оның 
шығармашылығында Құрманғазы дәстүрінде басталған жанрлық және 
тақырыптық жаңашылдықтар жалғасын тапты. 
Осы дәстүрді алға апарушылар қатарында дүлдүл күйшілер Оқап 
Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Рүстембек Омаров, Тӛлеген Аршанов, 
Ғылман Қайрошев, Ғылман Әлжанов, Рысбай Ғабдиев, Әзидолла Есқалиев 
сияқты күйші-орындаушылардың есімдерін атауға болады. Жинақтағы 


62 
Батыс күйшілік дәстүріне арналған бӛлімде әрқайсысы ӛз алдына бір тӛбе - 
Түркеш, Сейтек сияқты кӛптеген біртуар күйшілер шығармалары кеңінен 
орын алды. 
Батыс күйшілік дәстүріндегі тағы да бір айтулы тұлға Дәулеткерей 
Шығайұлы – қазақ халқының күйшілік ӛнеріндегі айрықша тұлғалардың 
бірі. Дәулеткерей Шығайұлы – күйші, композитор, қазақ күй ӛнеріндегі 
лирикалық бағыттың негізін салушы. Болашақ күйшінің ӛмірге кӛзқарасын 
қалыптастыруда Исатай-Махамбет бастаған кӛтерілістің әсері зор болды. 
Орыс зиялыларымен араласуы, Ресейдің бірқатар қалаларында болуы, ӛзге 
халықтың 
тұрмыс-салтымен, 
мәдени 
мұраларымен 
танысуы 
Дәулеткерейдің дүниетанымын кеңейтіп, шабытын қанаттандыра түсті. 
Дәулеткерейдің ӛміріндегі маңызды кезең – оның 1869 жылы қазақтың ұлы 
күйшісі Құрманғазымен кездесуі болды. Дәулеткерейдің күйлері халық 
арасына кең тараған. Оның «Желдірме», «тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа», 
«Кӛркем ханым» т.б. күйлері бар. Оның күйлерін насихаттап, біздің 
заманға жеткізген – күйші Сейтек Оразаұлы мен домбырашы 
Н.Бӛкейханов.
Қазақ күйлерінің бір парасының тартылу мәнеріне және әуендік 
құрылымына байланысты ел арасында «тӛре күйлері», «тӛре тартыс», 
«тӛре қағыс» деген ұғым қалыптасқан. Оқшау дәстүр – тӛре тартысқа 
жататын күйлер лирикалық әуезділігімен ерекшеленеді, психологиялық 
терең сезімге құрылып, адамның жан дүниесіне терең бойлайды. Бұл 
қағыстың тағы бір ерекшелігі, ауқымы, шеңбері қысқа алынғандықтан, 
биязы, жұмсақ болып келеді. Батыс ӛңірінде «қара қағыс» немесе «тентек 
қағыс» деп аталған Құрманғазы дәстүріне мүлде ұқсамайтын ӛзгеше, 
оқшау мектеп, дара дәстүр қалыптастырып, әуендік тұрғыда сазды, сұлу 
күйлер қалдырған Дәулеткерейді А.Жұбанов: «Тӛре күйлерінің атасы», – 
дейді. 
Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Ысқырма» «Керілме», 
«Ақбала қыз», «Бұлбұл», «Кӛркем ханым» күйлері лирикалық әуені басым, 
сырлы сезімге толы болып келсе, «Топан», «Салық ӛлген», «Охота», 
«Шолтақ», «Жігер» қатарлы туындылары терең ойға, философиялық 
толғанысқа құрылған. Орда тӛңірегінде Баламайсаң, Мүсірәлі, Байжұма, 
Арынғазы 
сияқты 
дарынды 
күйші-домбырашылар 
болды. 
Ал 
Дәулеткерейдің ізін баса шыққан Әлікей, Түркеш, Салауаткерей, Сейтек 
сынды дәулескер күйшілер Дәулеткерей алтын діңгегі болған осы бір 
күйшілік мектептің орнығуына ӛз үлестерін қосты. Дәулеткерей күйлерінің 
жеткізушілері – Науша, Махамбет Бӛкейхановтар. Ал жеріне жеткізе 
орындап, жаздырып, насихаттап, кейінгіге мұра қылып қалдырған әйгілі 
домбырашы Қали Жантілеуов болды. 
Қазанғап Тілепбергенұлы шығармашылығы ХІХ-ХХ ғасырдағы 
қазақтың аспаптық кәсіби ӛнерінде үлкен орын алады. Күйшілік ӛнерде 
ӛзгеге ұқсамайтын сара жол салып, ӛзіндік орындаушылық мектебін 
қалыптастырған саңлақ күйші, әсіресе, «Ақжелең» деп аталатын тармақты 


63 
күйлерді дамытуға айтарлықтай үлес қосып, оны түр және мазмұн жағынан 
байыта түсті. Қазанғап күйлері философиялық ой, терең сезімге толы. 
Жинақтағы Қазанғап күйлері күйші дәстүрін жалғастырған 
ізбасарлары Жәлекеш Айпақов пен Кәдірәлі Ержановтың, елге танытып, 
насихаттауға кӛп еңбек сіңірген майталман домбырашы Сәдуақас 
Балмағамбетовпен қатар, Б.Басығараев, Ж.Әлбетов, Қ.Жармағамбетов, 
І.Ілиясов, 
А.Райымбергенов, 
Р.Омаров, 
Н.Жанаманов, 
Ж.Асылхановтардың орындауында беріліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет