10.
Қаладағы мәдени орталықтарда ӛтетін іс-шаралар туралы ақпарат беретін;
5 –зертханалық жұмыс.
Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі
Әдістемелік нұсқаулар
C++Builder
ортасында программалауда, программа ұсынатын мүмкіндіктердің бірін
немесе қатарынан бірнешеуін таңдау үшін ауыстырғыштар (переключатель, флажок)
қолданылады. Программада мұндай ауыстырғыштардың қызметін
Standart
панелінің
CheckBox, RadioButton
және
RadioGroup
компоненттері атқарады. Ауыстырғыш екі күйде
ғана бола алады: «қосылған» (
ν
немесе ●) және «ажыратылған» (□ немесе ○ ).
Ауыстырғыштарды мүмкіндігіне қарай екі топқа бӛледі: тәуелсіз және ӛзара тәуелді.
Тәуелсіз ауыстырғыштардың жұмысы басқа ауыстырғыштарға байланыссыз,
тәуелсіз
болады.
CheckBox компоненті.
Программада
CheckBox
компонентінің кӛмегімен жасалатын
ауыстырғыш, тәуелсіз ауыстырғыштар тобына жатады. Әдетте, қажет болған жағдайда
бірнеше ауыстырғыштарды бір
топқа біріктіріп пайдаланады, ол үшін контейнердің ролін
атқаратын арнаулы
GroupBox
және
Panel
және т.б
.
компоненттер қолданылады.
Әдетте қосымшада ауыстырғыштың күйін ӛзгерту үшін
тышқанның сол жақ
батырмасына шертеді, яғни қандай болғанына қарамастан әйтеуір күйі ӛзгеретін болса, онда
CheckBox
компоненті үшін міндетті түрде
OnClick
оқиғасы пайда болады. Бұл оқиғаны
ӛңдеуге арналған функция, кӛбінесе ауыстырғыштың күйіне
байланысты белгілі бір
әрекеттердің немесе операторлардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Мысалы,
void __fastcall
TForm1::CheckBox1Click(TObject *Sender)
{
if
(CheckBox1->Checked = = true)
Memo1->Font->Size=10;
}
RadioButton компоненті.
RadioButton
компоненті тәуелді ауыстырғыштар қатарына
жатады, яғни, бір контейнерде орналасқан
RadioButton
түріндегі
бірнеше
ауыстырғыштардың біреуі «қосылған» күйде болса, онда қалғандарының барлығы бірдей
автоматты түрде «ажыратылған» күйге кӛшеді.
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу.
Кездейсоқ сандар генераторын (random) пайдаланып жасалған массивтің
max және min элементтерін табуды және массивті сұрыптауды
қолданушының сұранысына
байланысты бір-біріне тәуелсіз орындай алатын қосымша құрыңыз. /4.8-суреттегідей/
4.8-сурет. Қосымша терезесі.
#include "Unit1.h"
#include "stdlib.h"
TForm1 *Form1;
Достарыңызбен бөлісу: