24
іс-әрекет өнімін шығармашылық ретінде бағалау критерийлері оның
жаңашылдығы,
ерекшелігі, мәнділігі
және т.б. болып табылады,
сондай-ақ
шығармашылық кезеңдеп жүреді.
В.А.Моляко [126] шығармашылық іс-әрекет үдерісін келесі кезеңдерді
тізбектеп орындау түрінде көрсетеді:
1.
Адамның проблемалық жағдаймен кездесуі;
2.
Проблемалық жағдайды ұғынуы және проблеманы тұжырымдауы;
3.
Оны шешудің болжамын анықтауы;
4.
Анықталған болжамдарды тексеру;
5.
Алынған нәтижелерді талдау;
6.
Алынған нәтижелерді ендіру.
Шығармашылық проблемасының бірнеше қырларын А.Лук [53, 5 б.]
былай көрсетті:
Шығармашылық үдеріс – шығармашыл тұлға,
шығармашылық қабілет және шығармашылық ұжым
. Ол өз еңбегінде:
“Адамның шығармашылығын дамыту
мен қалыптастыру ең алдымен
шығармашылық ойлауға байланысты” деген пікір айтып, шығармашылық
қабілеттің белгілерін төмендегідей түрде атайды:
жүйке жүйесін код арқылы жіберу;
тасымалдай білу;
ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
әрекетті бағалау.
Сондай-ақ, ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру,
дамыту
үшін қажетті жағдайдың болу керектілігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-
өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-
қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
П.К.Энгельмейердің пікірінше [127], шығармашыл тұлға мынадай
үш
фактордың
жиынтығынан тұрады
: интуитивтік, дискуссивтік және
активтік
. Интуитивтік инстинктке жақын сезімдік түйсік, дискурсивтік –
танымы, ал активтік – бұл адамның эмоционалдық-практикалық әрекеті болып
табылады.
Әдетте, психологиялық ғылыми зерттеулерде шығармашылықтың
Достарыңызбен бөлісу: