27
түйсіктік іс-әрекетті қалыптастыратын пән ретінде қарастыру керек. Оған
берілген анықтамалар сан қилы, сондықтан да шығармашылық анықтамалары
күрделі талдауды қажет етеді. Оларды талдай келе барлығына ортақ болатын
бір белгіні анықтауға болады, ол әйтеуір бір жаңаның, ерекшеліктің жасалуы.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол тек адамға ғана тән іс-
әрекет. Демек, оны төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті
деуге болады:
-
шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
-
әлеуметтік және жеке адамға деген мәннің болуы;
-
шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
-
шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
-
нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдаудан
шығармашылық проблемасы шығармашылық қабілет пен интеллектінің өзара
ықпалдастығы тұрғысынан қарастырылып, оның дербес фактор, бірақ
дивергенттік ойлаумен тікелей байланысты іс-әрекет түрінде көрсетілетінін
анықтадық. Мұндағы дивергенттік ойлауды (Дж.Гилфордтың термині) – бір
нысанға немесе қандай да бір міндетті шешуге байланысты түрлі және дұрыс
идеяларды ұсыну үдерісін суреттеу деп түсінеміз.
Осы айтылған ойларды қорытындылай отырып, «шығармашылық»
ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген мағынаны
білдіреді, ол жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның мақсатқа
бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, табандылығы
мен жігерінен құралып, ақыл-ой мен сезімінің, креативтілігінің бірегейлігінен
туындайды деп айтамыз. Осыған орай, шығармашылықтың төмендегідей
анықтамаларын тұжырымдауға болады:
1)
Шығармашылық
–
жеке
тұлғаның
танымдық
ынталануын,
қажеттіліктері мен ізденімпаздығын қамтитын, өзін-өзі дамытуды танымдық
қызығушылықтар негізінде жаңа нәтижеге жетуге талаптандыратын іс-әрекеті.
2)
Шығармашылық – жеке тұлғаның танымдық бағдары негізінде
психологиялық сапаларын дамыта отырып, оқыту үдерісінің мақсатты
жүйесімен сабақтас жүретін, жаңа сапалық құндылықтарға жетелейтін рухани
интеллектуалдық үдеріс.
Шығармашылықтың мазмұнды жағы танымдық және мотивациялық іс-
әрекеттердің бірлігі болып табылады.
Педагогика мен психологияда
Достарыңызбен бөлісу: