29
В.В.Серебрянников пен М.И.Ясюков [73,с. 37] шығармашылықты ойлау
және іс-әрекет процестеріндегі белгілі бір мазмұн ретінде ашады.
Э.В.Ильенков [74,с. 5] шығармашылық ойлау ерекше процесс болып
табылады деп есептейді, онда әрбір жаңа жағдайларға сәйкес әрекет сызбаларын
белсенді құру және қайта құру әмбебап қабілеттілігінен тұратын ойлау мәні
көрсетіледі.
Педагогикада сипаттамалық модельдер арқылы шығармашылық ойлаудың
мәнін ашудың екі негізгі бағытын анықтауға болады.
Олардың біріншісі шығармашылық іс-әрекет процедураларын сипаттаумен
байланысты.
Осылайша, И.Я.Лернер «сол іс-әрекеттің табиғатын, шығармашылық
адамдардың мінез-құлқын түсінбей, шығармашылық іс-әрекет процедураларын
талқылау мүмкін еместігін» көрсетеді [69,с. 12].
Осыған байланысты ол
шығармашылық іс-әрекеттің жүзеге асу
ерекшеліктерін
бөліп көрсетеді:
1) жақын және алыс жаңа жағдайға білім мен білікті жүйеішілік және
жүйеаралық көшіруді өз бетінше жүзеге асыру;
2) дәстүрлі жағдайдағы жаңа проблеманы пайымдау;
3) дәстүрліден басқа объектінің жаңа функциясының көрінісі;
4) объект құрылымының көрінісі;
5) міндеттерді шешу кезіндегі баламаларды есепке алу;
6) жаңа проблеманы шешу кезінде бұрыннан белгілі іс-әрекет тәсілдерін
біріктіру және түрлендіру;
7) бүкіл танымал тәсілді жою және принципті жаңа тәсілді (тәсілді,
түсіндіруді) жасау.
Достарыңызбен бөлісу: