проблемалық-іс-әрекет деп аталатын дамыта оқытудың
жаңа
тұжырымдамасы
белсенді
түрде
ресімделе
бастады.
Бұл
тұжырымдаманың негізіне адамның дамуы жеке тұлғаның қоршаған
шындықпен, өзін-өзі өзгертетін қоғамдық-тарихи үдеріспен байланысты
екендігі туралы әдіснамалық ереже алынды.
Осы жерден ЖОО-да оқыту жүйесін тұлғалық-әлеуметтік-қызметтік іс-
әрекетке сәйкес құру қажеттігі, яғни оны қоғамдық қатынастардың нақты
жағдайларына қосу нысаны ретінде қарастыру және елдегі жоғары мектепті
қайта құру жөніндегі құжаттарда көрсетілген нақты және перспективалық
міндеттерді негізге алу қажеттігі туындайды [92].