Қорғауға ұсынылатын қағидалар: « ойлау -
тұлғаның танымдық әрекетінде жүзеге асырылатын психикалық
компонент. Ойлау мен шығармашылық ұғымның негізгі мәні олардың
танымдық, яғни ақыл-ой іс-әрекетінде көрініс табатындығында, екеуі де
интеллектуалдық белсенділік арқылы іске асатындығында. Сол себепті біз
шығармашылық дегеніміз жаңаны іздеп ойлап табу үдерісі, ал
«шығармашылық ойлау – ынталылық, эвристикалық, креативтілік деңгейдегі
интеллектуалдық белсенділікпен, конструктивті дербестікпен жаңаны іздеп
ойлап табу үдерісі деп тұжырымдаймыз.