16- тақырып.
Мұхаммед пайғамбар. Қасиетті кітап - Құран
1-тапсырма.Тақырыптың мазмұнын түсіндір
Мұхаммед пайғамбар
Мұхаммед пайғамбардың ислам дініндегі маңызы қандай?
Мұхаммед пайғамбар және ислам. Мұхаммед пайғамбар 570/571 жылы Мекке қаласында
дүниеге келген. Дүниеге келуінен екі ай бұрын сапарда жүрген әкесі Абдолла өмірден өткен.
Мұхаммед пайғамбар үш жасына дейін сүт анасы Халиманың тәрбиесінде болған. 6 жасында
өз анасы Әмина бинт Әбдіманап (қызы) қайтыс болады. Жастай жетім қалған Мұхаммедті
атасы Әбдімүтәліб өз тәрбиесіне алады. Алайда, көп ұзамай атасы да дүние салып,
Мұхаммед пайғамбар немере ағасы Әбу Тәліптің қолында ер жетеді. Құрайыш тайпасы
саудамен шұғылданғандықтан, ағасы Мұхаммед пайғамбарды сауда ісіне араластырады
Достарыңызбен бөлісу: |