15- тақырып. Ислам: діни ілімінің негіздері, тарихы, тәжірбиесі және таралу өңірлері 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтыр
Ислам діні қалай пайда болды? Ислам дінінің қалыптасуы. Ислам діні -------- діндерге жатады. Ол Араб түбегіндегі
VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған – Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді
Мүтәліб ибн Хашим (571-632) -------- қаласында сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында
дүниеге келген.
Мұхаммед пайғамбар ислам дініне әуелі жақын ағайындарын, жолдас-жоралары мен
достарын жасырын түрде шақырды. Мұсылмандықты қабылдаған алғашқылардың бірі, оның
жақын досы ---------- болды. Ол қауымына абыройлы, дәулетті адам еді. Әбу Бәкірдің
ықпалымен кейін көптеген адамдар ислам дінін қабылдады. Арада бірнеше жыл өткеннен
кейін Мұхаммед ---------- барлық араб тайпаларына ислам дінін қабылдауды жария түрде
насихаттады.