Оспанхан әУБӘкіров



Дата11.01.2017
өлшемі76.91 Kb.


ОСПАНХАН ӘУБӘКІРОВ

Оспанхан Әубәкіров

Жазушы Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы мамыр айының 4 жұлдызында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. 
Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен , өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. 1958-1976 жылдары Қазақ филармониясында, «Ара – Шмель» журналында қызмет істеді. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан.  «Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен өлеңдер жинақтары жарық көрген. Әубәкіров қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына елеулі үлес қосқан. Өзіндік қолтаңбасымен әдебиет тарихында қалған қаламгер. Оның жиі әшкерелегені – тоғышарлық, даңғойлық, жөнсіз сылқымдық, өсекшілдік, жемқорлық, күншілдік, пәпуасыздық, жағымпаздық, көзбояушылық, тұрпайылық, арақкештік, тілемсектік. Әубәкіров сықақ өлеңмен де, қара сөзбен де төгілте, күлдіре жазды. Шығармаларын әсерлі, ұйқасымды ету үшін жылтырауық сөздер мен ерекше бір теңеулерді іздеп жатпайды. Отбасы, ошақ қасындағы, екеуара әңгіме үстінде қолданылатын, көпке ортақ сөздермен-ақ ойын жатық жеткізіп, әсерлі образдар жасады. Әубәкіров «Чемпион Қожанасыр», «Бөтен адам», «Милау сиыр» комедияларын жазды.  Әзиз Несиннің «Ақиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған. 
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

Шығармалары:

  • Қоңырау. Сурет-кітапша. А., ҚМ КӨБ, 1961;

  • Бытбылдық.

  • А., ҚМКӘБ, 1962;

  • Жасыратын не бар. Әзіл-сықақ, мысалдар. А., ҚМ КӨБ, 1963;

  • Қалтадағы қайық. Сурет -кітапша. «Жазушы», А., 1964;

  • Күлеміз -ау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

  • Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;

  • Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

  • Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971;

  • Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973;

  • Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978;

  • Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979;

  • Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983;

  • Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.[2]

Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет