Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет115/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

Ырыс пен берекет 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып, табыс тауыпты. Үйіне 
дүниені қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының берекесі болмапты. Бегайдардың үйлі – 
баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде бес – алты ешкісі болады. Бірақ тұрмысы күннен күнге 
гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен: 
-Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес –алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ отбасың 
берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірақ берекесі 
жоқ. Сыры неде? – деп сұрады. 
Көршісі: 
-Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - деп жауап берді. Бегайдар 
ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап – шалдығып келе жатып, бір лашыққа тап болды. 
Ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін 
шалға жағдайын баяндады. Шал: 
-Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. Соны 
қандай адамға берсем болады? – деді. Бегайдар: 
-Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегімізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да ұзақ жол жүріп, 
шаршап – шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп: 
-Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым жеміс 
бермейді. Сыры неде екен? – деді. Бегайдар оның да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең 
дегенде данышпанға жетті. Данышпан: 
-Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? – деді. Бегайдар:
-Терлеп – тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің бес – алты 
ешкісі, көп бала – шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Соның сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен 
кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген – білгенін 
жеткізді. Данышпан басып шайқап: 
- Ай, балам –ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні – ақылды 


әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны 
қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. Оны қыздың 
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі 
екеуі барша мұратына жетіпті. 
7. «Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы: 
A) Әйел – үйлестіруші, үйдің құты 
B) Әйел – үйретуші, тәлімгер 
C) Әйел – қорғаушы, бақылаушы 
D) Әйел – сыншы, бағалаушы 
Е) Әйел – әдемі, сұлу 
8. Әңгіменің түйіні 
A) Бас екеу болмай, мал 
төртеу болмайды. 
B) Ырыс алды - ынтымақ 
C) Еңбексіз тапқан мал 
есепсіз кетеді 
D) Ерте тұрған еркектің 
ырысы артық 
Е) Ерте тұрған әйелдің бір ісі 
артық
9. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Данышпан ақылы 
2. Көршісінің кеңесі 
3. Бәйтеректің өтініші 
4. Лашықтағы әңгіме 
A) 2,3,4,1 
B) 3,4,1,2 
C) 2,4,3,1 
D) 1,2,3,4 
Е) 4,1,2,3 
10. Қыздың ата –анасына берілген нәрсе 
A) Мал –мүлік 
B) Қалыңмал 
C) Жеміс ағашы 
D) Бес – алты ешкі 
Е) Күміс 
11. Көрші үйдің берекесінің сыры 
A) Мол табысында 
B) Қоңырақай тұрмысында 
C) Ақылды әйелінде 
D) Бес – алты ешкісінде 
Е) Бала – шағасында 
12. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры 
A) Ауа райы қолайсыз болғандықтан 
B) Суға тапшы болғандықтан 
C) Түбіндегі алтын өсірмегендіктен 
D) Ағаш кәрі болғандықтан 
Е) Тамыры тереңде болғандықтан
4-МӘТІН 
5.
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз 
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, 
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі 
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне 
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан 
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу 
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. 
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі 
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек.
6.
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. 
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, 
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа 
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. 
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында 
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай 
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. 


7.
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана 
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ 
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, 
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан 
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары.
8.
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан 
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара 
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде 
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының 
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі 
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін 
дәлелдеді. 
9.
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 
2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан 
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
13. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз 
А) Ұят – өлімнен күшті
В) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас 
С) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
Қараша екі айтса, ары кетеді 
D) Көргені жақсы көш бастар 
E) Ел ерімен, ер елімен мықты 
14. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
А) Қозы көш жерден көрінгендіктен
В) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек
С) Қозының жайылым орнын білдірсе керек 
D) Қозы өрбіткен жер болса керек 
E) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе 
керек 
15. Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны 
А) Отарлау саясатынан құтқарған хандар
В) Соғыс әдіс – тәсілдерінің білгірлері 
С) Қазақ хандығының негізін қалаушылар
D) Саяси бітімгерлер 
E) «Жеті жарғыны» енгізген хандар 
16. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы 
А) Хақ – Назар хан 
В) Абылай хан 
С) Әлихан Бөкейханов 
D) Әз-Тәуке хан 
E) Шоқан Уәлиханов 
17. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан
А) Кенесары хан
В) Әз – Тәуке хан 
С) Әз – Жәнібек хан 
D) Абылай хан
E) Әбілқайыр хан 
18. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы 
А) «Қазақстан – 2050»
В) «ЕХРО – 2017»
С) «Мәңгілік ел» 
D) «Қазақстан – 2030 
стратегиясы» 
E) «Қасым ханның қасқа жолы» 
19. 2010 жылы Қазақстанда қысқы Азияда ойындарының өтуі 
А) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді 
В) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдейді
С) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді 
D) Елімізде еңбекқор жастардың көп екендігін дәлелдейді 
E) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді 
20. Мәтін мазмұнына сай тақырып 


А) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері
В) Тәуелсіздік тірегі - тіл
С) Күшті бірді, білімді мыңды жығар 
D) Ел боламын десең, бесігіңді түзе!
E) Тәрбие басы – тал бесік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет