Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет121/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

2-мәтін 
Домалақ ананың қадір – қасиеті ертеден ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме 
көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын 
шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса 
керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі 
Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана): 
«Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі – құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты 
күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман 
болсын, осы тілегімді беріңіз», деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген – құрық 
тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, 
жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс 
салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. 
Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада 
алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінпті. Сол күні 
кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. 
Ереуілден барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ 
түгел қайтарып алса керек. 
3. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы 
A) Жылқының ең асауы
B) Жылқы ішіндегі ең 
кәрісі 
C) Жылқының жорғасы


D) Жылқы ішіндегі ең 
жүйрегі 
E) Жылқының құты, иесі 
4. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе 
B) Қорқақты көп қусаң, батыр болады 
C) Асығыс түбі – қып – қызыл шоқ
D) Жауды аяған жаралы
E) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар 
5. Домалақ ананың: 
«Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға 
келеді»
- деуінің мәні 
A) Құла айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді. 
B) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері 
қайтарын білді
C) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады
D) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан 
E) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты 
6.Мәтіннің басты идеясы 
A) Домалақ ананың көріпкелділігін таныту
B) Жаугершілік заман қиындығын көрсету 
C) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу 
D) Құла айғырдың құдіретін көрсету
E) Бәйдібек 
байдың сабырсыздығын сынау 
3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп 
атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында 
орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың 
шығармалары. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат 
құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», 
«Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан – жануарлар («Аққу», «Қоңыр 
қаз», «Көкала ат»), аңыз –ертегілер («Мұңлық –Зарлық», «Қос мүйізді Ескендр»), жеке адамдар 
(«Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б түрлі оқиғалар мен 
құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз – күйлер, тартыс 
күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып 
жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге 
көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсын, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты 
күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі 
өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, 
Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен ұүрылымдық ерекшеліктеріне қарай 
төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен 
өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. 
Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, 
Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
А) Қобыз 
В) Сырнай 
С) Жетіген 
D) Дауылпаз 
E) Домбыра 
8. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2. Күйлердің тақырыптары 
3. Күйдің өрістеп дамуы 
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілуі кезі 


5. Күй – аспаптық жанр 
А) 4,3,1,5,2 
В) 3,1,5,2,4 
С) 2,4,3,1,5 
D) 5,2,4,3,1 
E) 1,5,2,4,3 
9. Шертпе күйлері қалай орындалады? 
А) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
В) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
С) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
D) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
E) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
10. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
А) Махамбет, Дәулеткерей 
В) Қазанғап, Дина 
С) Ықылас, Айрауық 
D) Есжан, Байжігіт 
E) Тәттімбет, Баламайсын 
11. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
А) Орындау мәнері 
В) Қобыз күйі 
С) Дауыс ырғағы 
D) Домбыра әуені 
E) Шертпе күй 
12. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
А) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
В) Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
С) Психологиялық, батырлық күйлер 
D) Тартыс күйлер, саяси күйлер 
E) Тарихи күйлер, эпостық күйлер 
4-мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып 
жетеді. Ол келе жатып: 
-Ата, жолды қысқартайық, -дейді 
Қарт: 
-Жол қалай қысқарады? – дейді. 
Жігіт: 
-Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бір –бірімізді, кезек – кезек арқаласақ болғаны, 
-дейді. Шал ішінен: 
-Япырым – ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? 
Өзін қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп: 
-Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді. Қарт: 
-Ия, -дейді. Жігіт: 
-Олай болғанда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе? –дейді. 
Қарт тағы да бетіне баырайып қарап қояды да, «Япырым-ай, мынаның бір 
сөзінен бір сөзі сорақы болды – ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездеседі. Бұл елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге 
апара жатыр екен. Жігіт: 
-Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? – деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
-Өлмесе жерлемейді ғой! – деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. 
Олар қабірге бірге барады. Шыққаннан кейін: 
-Ата, әлгі кісі өлмеген екен, -дейді. «Я, құдай, жерленген адам қалай тірі 
болады?», -дейді қарт ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын 
шақырып алып: 
-Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде 
кесапаты зор адам, -дейді. Қыз қонақпен сөйлесе көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: «япыр-ау, 
әкемнің айтқаны осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де: 
-Әке, сізбен неше кісі келді? – дейді. 
Әкесі: 


-Жалғыз, -дейді.
Қыз: 
-Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат 
көрдіңіз? –дейді. 
Қарт: 
-Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол 
қысқартайық», -деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді- біріміз кезек 
арқалап отырайық», - деді. Мынасы бұлай тұрсын, Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін 
желініп қойған ба, желінбеген бе ?» - деп сұрады. «Орылмаған жегінді кім жеп қояды?» - дедім 
мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, 
өлмеген ба?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам өлмеген екен», -деді. 
Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, -дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
-Әке, бұл сөздер зор мағыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген 
екенсіз. Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе –кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,- 
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса – өз көлігімен, кісі 
жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады, желінбеген болып саналады. 
Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен 
өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: 
«Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен», - дегенді айтқан. Сіз ол 
жұмбағын шеше алмаған екенсіз, -деген соң, қарт қателігін мойындап, жігіттің қолын алып: 
-Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай 
емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті. 
13. Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздің» төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал 
А) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды 
В) Үйіңе келгенде үйдей өкпеңді айтпа 
С) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді 
D) Бала артта қалған із, Бақыт –ұзатылған қыз 
E) Екі дос келгенде
, жаңа достың көзінен жас шығады 
14. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
А) Артында тұяқ қалған адам 
В) Туысы жоқ адам екен 
С) Ауылдастары көп екен 
D) Баласы жоқ адам екен 
E) Жора –жолдасы көп адам екен 
15. «Ащы еңбекке – тұщы нан» деген мақал мазмұнынмен сәйкес келетін жас жігіттің 
«кесапатты сөзі»
А) Екінші «кесапатты сөз» 
В) Үшінші «кесапатты сөз» 
С) Барлық «кесапатты сөз» 
D) Төртінші «кесапатты сөз» 
E) Бірінші «кесапатты сөз»
16. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай 
А) Қызының өтініші 
В) Жігіттің көңілділігі 
С) Шаһар жолының ұзақтығы 
D) Қызының ақылдылығы 
E) Қазақтың қонақжайлылығы
17. Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 
А) Бір –бірін қонақ ету 
В) Бір –бірін арқалау 
С) Басқа жолмен жүру 
D) Бір – бірімен әңгімелесу 
E) Тынығып, демалу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет