Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет178/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

3-мәтін 
 
I. Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам 
жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім - жоқ. Қора-қопсының ішін аударып-төңкеріп, астан-
кестеңін шығара қарадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды 
ұлық тұткан қазакеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. 
Досхан деген қызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта 
жоғалатын күні алғаш рет «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс 
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай. 
II. Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын. 
- Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңіз 
құлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып 
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді. 
- Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сұрасып жатырмыз. 
- Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын 
осы жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді. 
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен 
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді. 
III. Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді 
жинастырып жүрген қызым: - Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? - деп құж желке 
балтамды аяқ киім қоятын сөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!» демесем де, ішкі 
ойыммен ұры тұткан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, 
Құраққа да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешкандай ұрлық жасаған 
«қылмыскердің» белгісін таба алмадым. Балта табылған соң, әлгі күдік-күмәндар күл болып 
ұшып кеткендей. Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың сол еңбекқорлығы, 
жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ. 
IV. Өзгені өзгеге танытуға, ғайбаттауға, нақақтан жала жабуға, қара күйе жаға салуға 
құмарақпыз, ал енді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге 
қайранмын. Үш күн тығылып жатып, өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай 
бердім. 
7. III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп түр? 
A) Өзінің кемшілігін түсіне алатын 
B) Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын 
C) Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын 
D) Түк болмағандай өмір сүре беретін 
E) Өзінің іс-әрекетіне сенімді 
8. Жиенінің қандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта 
түстi? 
A) Оның үй иесінің жоғында келіп-кеткені 
B) Жиенінің шакыру билеттерін таратуы 
C) Әңгіме кезінде жиенінін ұялып, төмен карай бергені 
D) Жиенінің аяқ астынан келуі 
E) Жиенінің қолының шеберлігі 
9. Кандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады? 
A) Өзін танымаған өзгені танып жарытпас. 
B) Досыңның қимасына көз салма. 
C) Ат жүйрігін түлкі сүймес. 
D) Ала жіпті аттамағанның абыройы артык. 


E) Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды. 
10. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы 
A) Дәлелсіз айып таққандарды кешіре білу керек. 
B) Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек. 
C) Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ. 
D) Барлық адамды танып-білу мүмкін емес. 
E) Балтасының табылғандығына қуанышын. 
11. мәтін қандай стильде жазылған? 
A) Публицистикалық C) Көркем әдебиет Е) ауызекі сөйлеу 
B) Ресми ісқағаз D) Ғылыми 
12. 1 бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді? 
A) Жиенінен C) Өзінен E) Құрақтан 
B) Отбасы мүшелерінен D) Қызметтесінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет