тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік
.
-
Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, үйренуге
талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден қағып алыппын.
Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін
айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. Атамнын өзі майдангер еді, үлкен немересі
болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де
орындай беріпті.
II.
Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жұмыс істейтін көршіміз
мен туралы айтады. Олар қызығушылық танытып, мені алдырады. Тексерушілер менің кітап оқи
алатыныма шүбә келтіреді, бірак «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып оқып бергенімде,
шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді.
Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов атындагы дарынды балалар мектеп-
интернатына алдырмақ болып шешеді.
1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа шаруалармен
айналысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-сыныпқа барған едім, бұл
жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай, тыңдамай отыратынмын. Сондықтан,
мектептің педагогикалык кеңесі мені бірден 3-сыныпқа ауыстырды.
III.
Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса киындық тудырған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: