әрі ұлы эксперимент жасаушы ретінде ғылым саласын коммерциялық жолға
түсіреді. Ғылымдағы өнертабыстары мен жетістіктерінің көп бөлігін
қолданысқа енгізудің жолын тапты.
Болашақ данышпан 1847 жылы 11 ақпанда Огайо штатындағы шағын Милан
қаласында дүниеге келген. Томас саудамен айналысатын ауқатты отбасының
жетінші баласы болды. Ол 7 жасқа толғанда, әкесінің шығынға батуына
байланысты, отбасы Мичиган штатындағы Порт-Гурон қаласына көшуге
мәжбүр болған.
1869 жылы ол өзінің өнертабысына ең алғаш патент алады. Оның өнертабысы
дауыс беру кезінде пайдалануға жарайтын электронды дауыс жазу құрылғысы
болды. Алайда патентті сатып алушылар болмады. Бұл Эдисонды
онертабысымен әрі қарай жұмыс істеп, қалайда сұраныс болатындай етіп
жасауға талпындырды. 1870 жылдың аяғында ол биржалық тикер - телеграф
жасаудың арқасында қомақты ақшаға ие болады. Ол Ньюарктегі зертханасына
келіп, тикерлерді шығару мен телеграфтың жұмысымен айналыса бастаған.
Сәтті саудасынан тапқан ақшасына 1876 жылы Менло Парк зертханасын құрған.
Бұл зертхана ендірістік зерттеу орталығының прототипі болды. Белл ойлап
тапқан телефонға Эдисон индукциялық шарғы (катушка) мен көмір
микрофонды қосып, Белл құрылғысының дыбыс деңгейі мен анықтығын
арттырды. Эдисон патент бюросына ұсынған конструкция түпнұсқа екенін
дәлелдеп, сол үшін 300 мың доллар алған.
Эдисонның ең танымал өнертабыстарының бірі - электр шамы. Оның
прототипін ағылшын Хемфри Деви 70-жылдары құрғанмен, Эдисон стандартты
цоколь (электр шамдарының патронмен жалғасатын бөлігі) құрып, электр
шамының спиралін жетілдіріп, қызмет ету мерзімін ұзартқан. Эдисон 1882
жылы алғашқы орталық электростанция құрған кезде, жүйеге қажетті
жабдықтар мен трансформатор ойлап тауып, Нью-Йорктің екі кварталының
бәрін жарықтандырып, өзінің өнертабысының пайдалылығы мен оның
практикалық қолданылуының маңыздылығын дәлелдейді. Эдисонның тағы да
басты өнертабыстарының бірі - 1878 жылы патенттелген фонограф. 1875 жылы
Эдисон сөз бен кескіндерді (суреттерді) ауыстыратын тәсіл ойлап тауып, оны
«трафетті басып шығару әдісі» деп атаған. Қазіргі уақытта трафетті баспаның
қабілетіне жапондықRIS0 компаниясы назар аударып, дәстүрлі баспа әдісі мен
XX ғасырдағы технологияның жетістіктерін біріктіре алды. Ол Уэст-Оринджде
зертханасында ризограф, фонограф, диктофон, флуороскоп жасайды. Оның
өнертабыстарын бірнеше бағытқа бөлуге болады: электр жарығы, қозғалатын
кескіндер (кинетоскоп), фонограф және дыбыс жазу, телеграф пен телефон,
аккумулятор батареялары.
Достарыңызбен бөлісу: