Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Акедемик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата08.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#123529
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әскери техникалық дайындық


Дәріс 
 
Тақырып. 
Жаяу әскердің ұрыстық машинасы (ЖҰМ).
 
Жоспар
1.
ЖҰМ-2 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. 
Жалпы техникалық құрылысы. 
2.ЖҰМ-3 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. 
Жалпы техникалық құрылысы. 
1. 
ЖҰМ-2 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. 
Жалпы техникалық құрылысы. 
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің 
құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, 
пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және 
атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы 
(ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, 
жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаттары болады. 
ЖҰМ–2 бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке 
құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ 
зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті 
снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте 
жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың 
қардан жақсы етеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына 
қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған. 


Жаяу әскердің ұрыс машинасы(ЖҰМ-2) 
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және 
техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс 
құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға 
қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа 
райының кез келген жағдайында табанды ұрыс жүргізе отырып, жоғары 
қарқынмен шабуылдай алады 
Ұрыста бөлімше командирі өз белімшесі мен көршілердің қимылы, 
қарсылас пен жергілікті жер толықтай айқын байқалатын жерде тұрады. 
Мотоатқыштар взводының командирі жағдайға сәйкес ЖҰМ-да (БТР), 
оқпанада немесе взвод артынан жаяу жүре отырып, командалық-бақылау 
пунктінен бақылау жүргізеді. Ол қажетті пәрмендер мен үкімдерді радио, 
дабыл кұралдары, дауыстап және бөлімшелерден жіберілген байланысшылар 
арқылы бере отырып, взводты басқарады. 
Жаяу ретпен қимыл жасау кезінде взвод командирі атысқа және ЖҰМ 
(БТР) қозғалысына ЖҰМ-да (БТР-да) отыратын взвод командирінің 
орынбасары 
арқылы 
басшылық 
жасайды. 
Взвод 
командирі 
бағыныштылардың қимылына байланыс құрылғылары арқылы немесе 
дауыстап басшылық жасайды. 
2.ЖҰМ-3- атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. 
Жалпы техникалық құрылысы. 
Жаяу әскердің соғыс машинасы БМП – бронды, шынжыр табанды соғыс 
машинасы, ол жеке құрамды алға қойған міндетті орындау орнына 
тасымалдауға, ұрыс алаңында ядролық қару қолданғанда және ұрыста 
танкімен бірге іс-қимыл жасағанда оның мобильділігін, қарулануын, 
қорғанысын арттыруға арналған. БМП КСРО-да алғаш рет 1966 жылы 
қолданысқа енгізілді. БТР-ға қарағанда жаяу әскердің соғыс машинасы 
(БМП) шынжыр табанды болып келеді, ал БТР шынжыр табанды және 
доңғалақты болады. Басқа жағдайларда БМП БТР-дан жақсы қорғанысы мен 
оқ ату қуаттылығымен ерекшеленеді, соңғы кездері снарядқа қарсы 
брондалған танкілер негізінде шынжыр табанды БТР шығару қолға алынған, 
сондықтан шынжыр табанды БТР мен БМП арасындағы ұрыс қасиеттеріне 
байланысты ерекшеліктері жойылған. Мұндай БТР мен БМП-ні негізгі қаруы 


бойынша ажыратуға болады, БТР қаруы – пулемет, ал БМП қаруы – 20 мм 
зеңбірек. Бірақ ұрыста қолданылатын жаңа модульді БТР-дің қазіргі заманғы 
көптеген түрлері бұл ерекшеліктердің аса принципті ерекшеліктер емес 
екенін дәлеледейді. БМП-нің ядролық қару қолданылған жағдайда ұрыс 
қимылдарын жүргізуге икемділігі БТР-ден айырмашылығы болып табылады. 
Көптеген мамандар БТР-дің әскерді тасымалдауға арналуы, ал БМП-нің оқ 
атып, ұрыста жаяу әскерді қорғаушы болуы олардың басты 
айырмашылықтары деп есептейді. БТР-ден жылдамдық (себебі ол 
доңғалақты), ал БМП-ден оқ ату қуаты талап етіледі. 
БМП-3 (1987) негізгі сипаттамасы: 
салмағы – 18,7 т, 
экипажы (десант) – 3 (7) адам, 
двигателінің қуаттылығы – 500 л.с., 
қаруы: 
100 мм зеңбірек-2А70 іске қосу қондырғысы, 
30 мм, 2А72 автоматты зеңбірегі, 
ПТУР 9М117, 
7,62 мм, ПКТ үш зеңбірегі. 
Экипажы: 3 адам – командир, механик-жүргізуші, нысанашы-оператор. 
Десант – 8 адам. БМП мотоатқыштар бөлімшесін тасымалдауға арналған. 
БМП-3 – жаяу әскердің шынжыр табанды, суда жүзетін әскери 
машинасы. 
Жаяу әскердің ұрыс машинасы(ЖҰМ-3) 
БМП-3 – жаяу әскердің дүние жүзіндегі ең үздік ұрыс машиналарының 
бірі. 
БМП-3 
бас 
конструктор 
А. 
Никоновтың 
басшылығымен 
«Курганмашзавод» ашық акционерлік қоғамының конструкторлық 
бюросында жасалды, оны жасау барысында ұрыс машиналарын қазіргі 
заманғы жалпы әскери ұрыста қолдану мен дамытудың негізгі үрдістері, 
сондай-ақ габаритті салмағына, үйлесуіне қойылатын бірқатар талаптар 
ескерілді. БМП-3-ке арналған қару кешені «КБП» ГУП-та (Тула қаласы) 
жасалды. Әскери құрал ертінде 1987 жылы іске қосылды. Курган машина 
жасау зауытында шығарылды. 1990 жылы 9 мамырда өткен Жеңістің 45 
жылдығына арналған шеруге қатыстырылды. БМП-3 мотоатқыштар және 


жаяу әскерлер бөлімшелерін қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыста олардың 
мобильділігін, қорғанысын және оқ ату қуатын арттыру, сондай-ақ жаяу 
әскер түрінде ұрыс қимылына араласқанда оларды оқ атып, қолдау 
мақсатында қолданылады. Басқа әскер түрлерімен бірлесіп, іс-қимыл 
жасайды.
Құрастырылуы және конструкциялық ерекшеліктері. Машинаның 
корпусының алдыңғы бөлігінде механик-жүргізуші мен оның екі жағынан 2 
десантник орналасады, олар 7,62 мм зеңбірекпен және нысанаға қажетті 
приборлармен жабдықталады. Минадан қорғану үшін астыңғы жағы екі есе 
қалыңдатылған, орындықтары борт пен тіреулерге бекітілген. Тіреулерінің 
болат конструкцияларымен салыстырғанда салмағының белгілі бір үнемділігі 
жағдайындағы қалың темірлер корпустың төзімді, мықты және герметикалы 
конструкциясын қамтамасыз етеді. БМП корпусының ортаңғы бөлігінде ұрыс 
бөлімшесі бар екі орынды мұнара орналастырылған, онда жылжу бағыты 
бойынша оң жақтан және сол жақтан командир мен оператор-нысанашы 
орналасады. Осында негізгі қару кешені, яғни 100 мм қару-іске қосу 
қондырғысы, 30 мм автоматты зеңбірек пен 7,62 мм ПКТ пулеметі 
орналастырылған. Мұнараның артында, жеке қаруы бар 5 десантникке 
арналған десант бөлімшесі болады. Мотор қалқаны алдындағы, аяқ салғыш 
ретінде пайдаланылатын қосымша орындықтарға 2 адам қосымша 
орналасуына болады. Бөлімше 3 домалақ тіреуі бар (борттарда және сол 
жақтағы есікте бір-бірден орналасқан) борт амбразураларымен және оқ атуға 
арналған байқау приборларымен жабдықталған. Әуеден десант түсу 
жағдайына орындықтар бүктеледі де 4 ложемент орналастырға мүмкіндік 
береді. Десанттардың бөлімшеден шығуы борт астындағы өтетін екі орын 
және артқы 2 есік арқылы жүзеге асырылады. Корпустың артқы жағында 
двигателі көлденең орналасқан, жалпы көлемі 3 текше метр болатын 
моторлы-трансмиссиялық бөлімше орналасқан, бұл БМП-3 машинасын 
осындай көптеген машиналардан ерекшелендіреді. Двигатель биіктігінің 
шағындығы және салқындату жүйесінің бортта орналасуы десантниктердің 
артқы, екі есікті люктен тез шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал көлемінің 
кішігірімдігі ұрыс және десант жабдықтарын құрастыруға қолайлы жағдай 
жасайды. Алдыңғы бөлімшедегі командирдің, нысанашының және екі 
мергеннің люктері алға қарай ашылады да жаяулау және машинаға отырғызу 
кезінде қосымша қорғаныс болып табылады. Механик-жүргізушінің люгі 4 
перископты, сәл көтеріңкі болады және артқа қарай ашылады, бұл жағдай 
көтеріңкі орындық арқылы қозғалыс барысында жан-жағын бақылауға 
мүмкіндік береді. БМП-3-тің негізгі габариті: зеңбірегімен бірге жалпы 
ұзындығы – 7200 мм, ені – 3150 мм, мұнарасының үстімен бірге алғандағы 
биіктігі – 2450 мм, ең жоғарғы (жұмыс барысындағы, ең төменгі) клиренсі – 
510 (450, 190) мм. Машина суда жүзи алады, аваитранспортабельді, парашют 
тәсілімен және су корабілдерін десант түсіре алады. 
БМП-3 қуаттылығы 500 л.с. (үлес салмағы 25 л. с/т) дизельді V-кейіпті, 
УТД-29 
двигателімен 
жабдықталған, 
бірыңғай 
күш 
блогына 
гидромеханикалық трансмиссиямен біріктірілген су арқылы суытқыш жүйесі 


бар. БМП-3-тің алдыңғы беріліс бөлігінің қосарланған алты жұп тіреу 
катогы, бағыттаушысы бар резина-металл шынжыр табаны, артқы (алдыңғы) 
бағыттаушы екі доңғалағы және роликтерді ұстап тұратын қадасы (2х3) 
болады. Неғұрлым алшақ орналасқан тіреу катоктары және ауыр салмақ 
кезіндегі шынжыр табандар БМП-1 және БМП-2 сияқты топырақта терең із 
қалдырады. Шынжыр табандар үстінен болат экранмен жабылған. Клиренс 
510-450-
190 шегінде өзгереді. Су бетінде қозғалу үшін 6-7 циркуляция 
радиусы бар шнека типті 2 бір сатылы, осьті су есетін қозғалғыш орнатылған. 
Артқа қарай қозғалу су есетін қозғалғыш реверстің есебінен 2,5 км/с 
жылдамдықпен жүзеге асырылады. БМП-нің су бетінде қозғалуына болат 
қалқан конструкция ықпал етеді, ол жұмыс жағдайында корпус алдында 480 
мм және ватерлиниядан 20-30 мм биіктікте болады. 
700 л отын қоры 600 шақырымға дейінгі жүрісті қамтамасыз етеді. Қатты 
жолмен (су бетімен) артқы беріліс арқылы 70 км-сағаттан 20 км/сағатқа дейін 
жүреді. Машина 30 градусқа дейін қисаю арқылы 30 градусқа көтеріліп, ені 
2,5 метрге дейінгі шұңқырдан өте алады. 
Қорғануы. 
БМП-3 тің корпусы мен мұнарасы алдыңғы проекциядағы болат, бронды 
жапсырмасы бар бронды алюминий қорытпалардан жасалған. Болат 
қалқандар мен өздігінен қазуға арналған жабдықтар қорғаныс функцияларын 
атқарады. Брондау жеке құрам мен аппаратураны оқ пен жарықшақтардан 
айнала қорғауды қамтамасыз етеді, ал корпус пен мұнараның алдыңғы 
детальдары зеңбіректен 300 метр қашықтан атылған 30 мм бронға қарсы 
калиберлі снарядтардан қауіпсіз маневрлеу арқылы қорғайды. БМП-3 
қорғанысын арттыру үшін қорғаныс бояуымен боялады, «Туча» түтін 
бүркеуін (6 іске қосатын қондырғы) және термотүтін аппаратурасын 
орнатудың үйлестірілген жүйесімен жабдықталған. Ядролық, химиялық және 
биологиялық қарудан экипажды және машина ішіндегі жабдықтарды қорғау 
ұжымды қорғау жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол корпус пен мұнараның 
сіңіру материалдары бар бронды конструкциясынан, бөлімшелерді 
герметизациялау және оларға таза ауа өткізу жүйесінен, радиациялық және 
химиялық қауіптілікті байқау мен индикациялау, басқару және 
коммуникация приборларынан тұрады. Соңғы жылдары шығарылған 
машиналарда оларды динамикалық қорғау жабдықтары жасалған. 
Жабдықтары. 
Өрт пен жарылыстың алдын алу үшін отын бактары корпустың алдыңғы 
бөлігіне орналастырылған, қаттылығын арттыру үшін қалқанмен бөлінген, ал 
ішкі кеңістігі ұсақ саңылаулы материалмен толтырылған. Машинаның өртке 
қарсы жабдықтары 2 дербес автоматты жүйеден тұрады, бірі – ішкі 
бөлімшесінде, 
екіншісі 
– 
моторлы-трансмиссиялық 
бөлімшесінде 
орналасқан, сондай-ақ қолмен өрт сөндіргіш құралдары бар. Жүйелер қолмен 
де іске қосылуы мүмкін. Машинаға ауа жіберу, оны шаңнан, радиоактивті 
және биологиялық белсенді улағыш заттардан, қыс мезгілінде қыздырғанда 
бөлінетін улы заттардан тазарту үшін және БМП ішінде мол қысым жасап, 
ішкі 
бөлімшесін 
желдету 
үшін 
фильтрлі-желдеткіш 
қондырғы 


пайдаланылады. Радиоактивті және химиялық қауіптілікті байқау және 
дабылдау ГО-27 (ПРХР) приборы арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртпен 
байланыс жасау үшін БМП-3 Р-173П қабылдау құрылғысы бар Р-173 танк 
радиостанциясымен, ал ішкі байланыс жасау үшін телефон типті және жарық 
таблосы бар танкте сөйлесу құрылғысымен жабдықталған. 
Қаруы. 
Төменгілер БМП-3-тің негізгі қаруы болып табылады: 

100 мм, төмен баллистикалы 2А70 іске қосу қондырғысы, оның ішкі 
ұрыс бөлімшесінің еденінде 22 оқу атуға айналып тұратын конвейерлі, 
жартылай автоматты оқтау механизмі және мұнара қақпағының артына 
тасату механизмі бар. Ол бастапқы жылдамдығы 250 м/с болатын 
артилелериялық жарықшақты-фугасты снарядпен атуды қамтамасыз етеді; 

оқ салатын 2 жеке лентасы, 2А70 қаруымен біріктірілген 
электромеханикалық (қолмен) қайта оқтау механизмі бар 30 мм, 2А72 
автоматты зеңбірегі; 

патрон лентасының орналасуын, оның пулеметке жалғануын, атылған 
гильзалар мен пулемет лентасын, сондай-ақ 2А72 зеңбірегінің лентасын 
шегеруді және жинауды қамтамасыз ететін жеке қоректену жүйесі бар 7,62 
мм, ПКТ зеңбірегі. Оқ атудың алдыңғы (артқы) секторында зеңбіректің 
пулеметпен көтерілу және төмендеу бұрыштары тиісінше 60(64) және 6 (2) 
градустарды құрайды; 

екі автономиялы бағытталатын, 7,62 мм ПКТ пулеметі, жорық бойынша 
стопорға орналастырған кезде оқ ату үшін оны механик-жүргізуші пайдалана 
алады. Десантниктер үшін БМП-3-те танкіге қарсы қолданылатын РПГ-7 
(РПГ-16) гранатоменті, танкіге қарсы қолданылатын РПГ-18 (РПГ-22) 
реактивті 5 гранатасы, «Игла» типті тасымалданатын зенитті ракеталық 2 
кешені, Ф-1 типті 15 гаранатасы болады. 
БМП-нің тәжірибелі түрде 1981 жылы шығарылған моделінде (объект 
«688») 30 мм автоматты зеңбірек, АГ-17 және «Конкурс» ПТРК типті 30 мм 
гранатометі орналастырылған, олар кішігірім мұнараның астына біркітіріп 
орналастырылған. Оқ атуды басқару лазерлі алыстан көздеп ататын 
автоматты жүйесі, электронды баллистикалық есептегіш, қаруланудың екі 
жазықты стабилизаторы, командир мен нысанашының басқару пульттеріне 
жалқасқан 1К13-2 нысана көздегіші арқылы жүзеге асырылады. 1Д16 лазерлі 
алыстан көздеу қашықтығын өлшеу диапазоны 500-4000 м құрайды, өлшеу 
нақтылығы 10 м құрайды. 2 автономиялы бағытталатын пулеметтерден оқ 
ату үшін марканы бейнелеудің талшықты-оптикалық жүйесі бар 
ТНПЗ3ВЭ01-01 приборы қолданылады. ПТУР 100 мм қаруынан оқ ату үшін 
БМП-3-ке екінші толқынды 9К116 «Бастион» жүйесі орнатылған, ол 
нысанашыдан нысананы көздеу окулярында ұстауды ғана қажет етеді. 
Снаряд мұнара білігі бойынша зеңбіректің үстіне орнатылған лазерлі нысана 
көздегіштің сәулесі арқылы бағытталады. Машинаның штатты кешені: оқтау 
механизмінің конвейерінде 100 мм, 2А70 қаруына түрлі снарядтардан 22 рет 
оқ ату; 2А70 қаруына 8 ПТУР; зеңбірек оқтанында 2А72 зеңбірегіне 500 
патрон; әр 7,62 мм пулеметке 2000 паторн. Механикаландырылмаған 


жағдайда десантниктердің орталық орындықтарының астында 2А70 қаруына 
18 оқ ату жүйесі немесе 2А72 зеңбірегіне арналған 250 патрон 
орналастырылады. Барлық ұрыс кешенін оқтау уақыты 45 минуттан аспайды. 
Модификациясы. 
БМП-3К – жаяу әскердің командирлік ұрыс машинасы, ол БМП-3 
негізінде жасалған және бөлімшелердің, ұрысты басқарудың, өзге 
бөлімшелермен және басқарудың жоғарғы звеносымен байланыста іс-қимыл 
жасауға арналған. Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасы мен 
қарулануы БМП-3-ке ұқсас. Машина навигациялық аппаратурамен, екі 
радистанциямен, қабылдағышпен, жеті абонентке арналған ішкі байланыс 
аппаратурасымен, дербес генератормен және радиолокациялы жауап 
бергішпен жабдықталған.
БМП-3Ф – теңіз жаяу әскерінің ұрыс машинасы, ол БМП-3 негізінде 
жасалған және теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің, жағалау аймағында шекара 
және жағалау әскерлерінің, теңіз десантын түсіру кезінде жағалауда әскери 
іс-қимылдар жүргізуге арналған. БМП-3-тен машинаның суда жүзу 
қабілетінің артықтығымен ерекшеленеді, телескопиялық ауа жинау құбыры, 
су көрінетін жеңілдетін қалқан орналастырылған. Суда жүзудің жоғары 
маневріне ие, судың 3-тен 2 баллға дейінгі толқынында жүзи отырып, қажетті 
дәлдікпен оқ ата алады. Двигателі жұмыс істеп тұрған жағдайда суда 7 
сағатқа дейін болады, 10 км/сағат жылдамдықпен жүзи алады. Қатты толқын 
кезінде жағаға шығуға және бір типті бұйымды сүйреп шығуға қабілетті. 
Машинада жаңа негізгі көздегіш «СОЖ» орнатылған, оған лазерлі алыстан 
көздегіш пен ПТУР басқару каналы енгізілген. 
БРМ-3К «Рысь» - барлау әскерінің барлаушы ұрыс машинасы, ол 
барлаушы және арнайы бөлімшелердің қарсыластың тылында іс-қимыл 
жасауына арналған. Корпусы, күш агрегаты және беріліс бөлігі БМП-3-ке 
ұқсас. Негізгі қаруы – 7,62 мм, ПКТ пулеметімен біріктірілген, екі жақты 
оқталатын 2А72 30 мм зеңбірегі (оқ ату жылдамдығы минутына 300 оқ ату). 
Брондалған нысананы атуға 4 ПТУР орнатылған. Экипаж автоматтармен 
(ұрыс кешені 1800 патрон) және 15 қол гранатасымен қаруланған. Машина 
нысананы байқау жүйесімен және деректерді бөлімше қолбасшылығына 
беретін жаңа гирокомпасы бар 1Г50 навигациялық жүйесімен, байланыс 
құралдарымен (Р-163-50У, Р-163-50К, Р-163-У, деректерді беру қашықтығы 
100-
350 км дейін), ФВУ және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. 1995 
жылы қолданысқа енгізілген, қозғалысы мен қорғанысы бойынша БМП-3-ке 
ұқсас. Барлау приборларының кешені түрлі жағдайларда нысаналарды 
іздеуді, байқауды және тануды, алынған ақпараттың өңделуін және бағыты 
бойынша жіберілуін қамтамасыз етеді. Оның құрамына кіретіндер: ШН71 
тепловизиялық барлау приборы, түнде бақылайтын 1ПН61 активті-импульсті 
приборы, 1Д14 алыстан көздегіш, 1РЛ133-1 радиолокациялық жүйесі, 1 метр 
биіктікке дейін көтерілетін, жеке карданның ілгішіне орнатылған 
қабылдағыш. Топогеодезиялық қамтамасыз етудің кіріктірілген құралдары 
(1Г50 жартылай автоматты гирокомпас, ТН-4 навигациялық аппаратурасы) 
машинаны санды навигациялық ақпаратпен қамтамасыз етеді және оның 


орналасқан жерін топографиялық картада бейнелейді. Қажет болған 
жағдайларда, бұл мақсаттарға бейімдеу визирі, сондай-ақ барлау 
құралдарының кешенімен бірге мұнара құрылғылары пайдаланылуы мүмкін. 
БРМ-3К «Рысь» салмағы 19,6 тоннаны құрайды, экипажы 6 адам, биіктігі 
2,57 метр.
БМП-3 – қосымша бронды экрандар мен «Арена-Э» активті қорғау 
кешенін орнату есебінен қорғанысының мықтылығымен ерекшеленеді, олар 
машинаны танкіге қарсы басқарылатын және басқарылмайтын ракеталардан 
және қарсыласының гранаталарынан қорғайды. Кез келген ауа райында және 
тәулік бойы жұмыс істейтін «Арена-Э» ұшу траекториясын автоматты түрде 
байқап, анықтайды, 70-700 м/с жылдамдық диапазонында әрекет ететін түрлі 
типтегі ұшып келе жатқан танкіге қарсы қаруды қозғалыс кезінде және 
мұнара бұрылған кезде жоя алады. Жұмыс істейтіндігін өзі тексергеннен 
және ұрыс режиміне ауысқаннан кейін, кешен жек құрамның қатысуынсыз 
толығымен автоматты түрде жұмыс істейді. Ол 0,07 с аспайтын жылдам 
әрекетімен және траекториясы қорғаныс секторынан өтпейтін нысаналар 
бойынша әрекет етпейтіндігімен ерекшеленеді. Машинаны жартылай 
автоматты және автоматты басу жүйесі бар ПТУР-дан зақымдануын тиімді 
қорғауды қамтамасыз ететін «Штора-1» оптикалы-электронды басу кешені 
бар БМП-3. Оның жоғары тиімділігі Макатра полигонында өткізілген IDEX-
2003 көрмесінен кейін дәлелденді. Онымен әр түрлі ПТУР-ға 3000 метр 
қашықтықтан оқ атқан кезде, ешқандай раекта нысанаға жетпеген. «Кактус» 
динамикалық қорғаныс кешені бар БМП-3 Омск қаласында 2001 жылы өткен 
көрмеде көрсетілді. Динамикалық қорғаныс блоктары резиналы-маталы және 
торлы экрандармен бірге, корпус пен мұнараның бортында және алдыңғы 
бөлігінде орналастырылған. Қосымша қорғаныс кумулятивті ұрыс бөліктері 
бар танкіге қарсы жеңіл құралдарды қолдану жағдайында БМП-нің 
төзімділігін айтарлықтай арттыра түседі. Қарулану кешені, оқ атуды басқару 
жүйесі, ішкі құрылымы бастапқы үлгісіне ұқсас. БМП салмағының артуына 
байланысты суда жүзи алмайды. Қосымша қорғаныштарды алып тастаған 
кезде ол суда жүзи алады, себебі суда жүзу двигательдері сақталып қалған. 
Машина ені (3,97 м дейін) және корпусының ұзындығы (7,16м дейін) 
бойынша үлкен габаритті.
«Бахча-У» үйлестірілген оқ ату модулі бар БМП-3 (Тула қаласында 
«КБП» ГУП-да жасалған). Ол оқ атуды басқарудың қазіргі заманғы 
жүйесімен және 100 мм басқарылатын және басқарылмайтын жаңа ұрыс 
кешенін оқтаудың бірыңғай механизмімен ерекшеленеді. Басқарылатын 
9М117М1 «Аркан» ракетасы 5500 метрге дейінгі қашықтықта динамикалық 
қорғанысы бар қазіргі заманғы танкілерді жоюды қамтамсыз етеді. ПТУР-дан 
атылатын ЗУБК23-3 оғының салмағы 21,5 кг және ұзындығы 1185 мм. Жаңа 
100 мм жарықшақты-фугасты ЗУОФ19 оғының атылу қашықтығы – 7000 
метр және штатты снарядпен салыстырғанда оның тиімділігі мен шашырап 
тиюі 2,5-3 және 2 есе артық. Жаңа 30 мм бронды-калиберлі «Кернер» 
снарядын қолдану жеңіл бронды нысана бойынша атудың тиімділігін 
айтарлықтай арттырады. Сонымен бірге, БМП-3 негізінде жасалғандар: кран 


жебесі мен тартатын шығыры бар БРЭМ-Л «Беглянка» жөндеу-эвакуация 
машинасы, 120 мм САУ 2С31 «Вена», танкіге қарсы өзі жүретін 9П161, 
«Корнет-С», 9П157 «Хризантема» ракеталық кешендер, «Панцирь-С1» 
зениттік ракеталы-зеңбіректі кешен, «Восторг» инженерлік машинасы, өзі 
жүретін 120 мм миномет. 
БМП-3 пайда болған кезден бастап шетелдіктердің тарапынан үлкен 
қызығушылық туғызды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері 
бойынша 2000 жылдың басында бұл жоғары тиімді ұрыс машинасы 
Әзірбайжанның, Кувейттің, Кипрдің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд 
Аравиясының, Сирияның, Оңтүстік Кореяның, Украинаның әскери 
бөлімшелері мен арнайы әскери бөлімшелері қару-жарағының құрамында 
болды.
Қазіргі уақытта БМП шығару. Жаяу әскерге арналған автокөлік. «Жаяу 
әскер» деген ұғым 40-жалдарға дейін әскери құрамалардың «шағын» 
жылдамдықпен қозғалуы дегенді білдіретін. Ұрыс қимылдары тіпті ірі танкі 
құрамаларының өзі де жаяу әскерден бөлек алға қойған міндетті орындай 
алмайтынын дәлелдеді. Бірақ, жылдамдығы мен жүрдектігі бойынша 
танкілермен шамалас болатын және экипаж бен жаяу әскерді бронды қорғай 
алатын қабілеті бар көлік жасауға деген ұмтылыс еш нәтиже бермеді. 
Дегенмен, екінші дүниежүзілік соғыстың басында соғысушы елдердің 
әскерлерінде, Англия мен Германиядан басқа, жаяу әскерлерге арналған 
мамандандырылған көлік болған жоқ. Англияда 1938 жылы «Универсал» 
шынжыр табанды бронетранспортер қаруға алынды, ол 9 жаяу әскерді 
тасымалдауға есептелген, бронды қалыңдығы 6-11 мм, жеңіл, үсті ашық 
машина. Кеңес Одағында 40-жалдары жартылай шынжыр табанды БТР-Б-3 
қаруға алынды, бірақ ол бірқатар себептерге байланысты көп шығарылмады. 
Соғыс жылдары кеңестік мотоатқыштар бөлімшелерінің бір бөлігінің қару-
жарағының құрамында КСРО-ға ленд-лиза арқылы әкелінген америкалық 
доңғалақты және жартылай шынжыр табанды бронетранспортерлер болды. 
Кеңес Әскерінің және басқа да соғысушы елдердің жаяу әскерлерінің басым 
көпшілігі тек жүк машиналары мен өз яқтарына ғана сенім арта алды, себебі, 
бронетранспортерлер жетіспеді және олардың ұрыс сапасы төмен болды. 
Жаяу әскерді тасымалдау және танкілермен қатар жүріп соғысу үшін әскерге 
қуатты, кез келген жермен жүре алатын, жылдамдығы басым, күшті қаруы 
және күшті бронды қорғанысы бар мамандандырылған ұрыс машинасы 
қажет 
болды. 
Машинаның 
артқы 
бөлігіне 
десант 
бөлімшесі 
орналастырылған. 60-жылдардың ортасында кеңес конструкторлары 
дүниежүзінде тұңғыш рет жаңа машина – БМП-1 жаяу әскердің ұрыс 
машинасын жасап шығарды. Дәл осындай көліктің тек 1975 жылы Герман 
Федералдық Республикасында, 1978 жылы Францияда, 1982 жылы Англияда, 
1983 жылы АҚШ-та жасап шығарылғанын атап өту керек. 60-жылдардың 
басына дейін жаяу әскерлер бөлімшелерінің жүрісі мен қорғанысы 
бронетранспортерлерді пайдалану есебінен қамтамасыз етілді. Бірақ одан 
әрітанкіге қарсы тасымалданатын қарудың кеңінен қолданылуы, сондай-ақ 
санының өсуі және жаяу әскердің жаяу сапта жүруін қиындатқан тиімділігі 


 
Қолданылған әдебиеттер
1. ҚР әскери доктринасы. 2017 ж. 
2. ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери 
жарғылары. Астана, 2007 ж. – 659б.
3. ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық 
жарғылары. 02.02.2016 N 187 
4. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін «Алғашқы 
әскери дайындық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы Астана 2013ж. 3 
сәуірдегі № 115 
5. Е.Ж. Қожамжаров., Н.Р. Рамашов., М.Т. Бөдеев «Бастапқы әскери 
дайындықты оқыту әдістемесі» оқу әдістемелік құралы. Қарағанды 2015ж. 
6. А. Ерекешов., А.Рихтер., М Бодеев «Алғашқы әскери дайындық» 
Әдістемелік нұсқау. Алматы 2013ж. 
7. С.Н. Асқапов., М.Е. Құсмиденоов., А.Ш Жанғазин «Бастапқы әскери 
дайындығы сабағында қолданылатын саптық жаттығулар» Әдістемелік 
нұсқау. Павлодар 2013 ж. 
8. Рамашов., Е.Ж. Қожамжаров., Н.Р. М.Т. Бөдеев «Алғашқы әскери 
дайындықты оқыту әдістемесі». Алматы 2012ж 
9. А.Ж. Кулейменов., Қ.И. Садыков., Е.Ж. Қожамжаров «Педагогикалық іс-
тәжірибеден өтуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау» Қарағанды, 
2016ж 
10. Рамашов., Е.Ж. Қожамжаров., Н.Р. М.Т. Бөдеев «Бастапқы әскери 
дайындықты оқыту әдістемесі» Электронды оқулық Қарағанды 2013 ж. 
11. Е.Ж. Қожамжаров. «Саптық дайындық бойынша әдістемелік нұсқау» 
Қарағанды 2007 ж.. 
12. Кундакбаев Б.Р., Кожамжаров Е.Ж. «Учебно-материальная база НВП» 
Методические рекомендации по военно-спортивным сооружениям. 
Қараганды 2006 г.
14. Ж. Қадырбаев.,О. Кенбаев., «Саптық дайындықты үйрету әдістемесі» 
әдістемелік нұсқау – Шымкент 2005 ж. 
15. «
Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылары талаптарын 
енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі» Әдістемелік нұсқау. Алматы 2000 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет