қазтабан
(өс.),
желімбасақ
(өс.),
жөтелшай
(өс.),
аұқұлақ
(өс.), балықкөз (өс.),
бөрікқұлақ
,
ботакөз
(өс.),
бозкілем
(өс.),
томарбояу
(өс.),
бетіқышық
(өс.),
аққой
(жуының түрі),
биемшек
(өс.),
аққайың
(шөптің түрі),
жерсабын
(өс.),
кәріқыз
(өс.),
кермексабын
(өс., «ушастый»),
күйіксары
(өс.),
қызылқұрт
(өс. «жабник»),
көзсабақ
(окулировка),
қаратұяқ
(өс.),
қозықұлақ
(өс., «волосатик»),
қозықұйрық
(өс.),
қоңырбас
(өс., «мятник»),
қосбас
(өс., «двукисточник»),
қораматау
(өс., алаботаның түрі),
алабота
(өс.),
құлынембес
(өс.),
қоянсүйек
(өс., «песчаная акация»),
құлқайыр
(өс., «мальва»),
құлаңқұйрық
(өс.),
құртқашаш
(өс.),
қызылбояу
(«подмаренник»),
қызылқұрт
(өс.,
«волосатик»),
қырықбуын
(«хвощ»),
қасқыржем
(өс., «спаржа»),
қырыққұлақ
(өс.),
майқара
(өс., «полынь пустынная»),
майракебіс
(өс., «свербига»),
нариген
(өс.),
отсабын
(өс.),
өгізкөз
(өс., пупавка),
өгізтіл
(өс., «анхуза»),
саңырауқұлақ
(өс.),
сиырқұрық
(өс.),
сиякөк
(өс., жұпар сиякөк «льнянка
душиста»),
сіргеқара
(өс.),
сіпсебас
(өс., «метлица»),
тасшүгін
(өс.),
таумасақ
(өс.),
тайтұяқ
(өс.),
текесақал
(өс., «додарция»),
теңгебас
(өс.,
«сусак»),
түйесіңіт
(өс.),
түйеқарын
(өс.),
түйеқұйрық
(өс.),
түйетабан
(өс.),
уқорқасын
(өс.),
үшқат
(өс., «жимолость»),
үпілмәлік
(өс.),
шашақбас
(өс., «качим метельчатый»),
шоңайна
(өс., «лопух»),
шөңгебас
(өс.,
«толстоголовник»);
балтажұтар
(құс),
ақсазы
(құс),
ақиық
(құс),
аққабақ
(бүркіттің бір түрі),
ақсары
(құс, «сарыч),
ақшегір
(қыран құстың бір түрі),
алыпқара
(құс),
балтатұмсық
(құс),
бұқатана
(құс),
ақұұйрық арлан
(құс)
т.б.
Осы сөздердің қатарынан құрама сөз сыңарларының «бүтіннің
бөлшегі» ретінде жұмсала келіп, біртұтас мағынаға ие болғандарын да
жатқызуға болады:
қосауыз
(мылтықтың түрі),
қосаяқ
(тышқан),
бізқұйрық
(құс),
кезқұйрық
(құс),
бізтұмсық
(құс),
шөгелтабан
(бүркіттің бір түрі),
қаратамақ
(құс),
қарабауыр
(құс),
көкмойын
(құс) т.б.
Бірінші сыңары өсімдікке, ал екінші мүлде басқа бір затқа қатысты
атаулардан жасалған құрама сөздерді біріккен сөздің қатарында қарап, тұтас
тұлғалауға болады:
арпабас, гүлтәжі, долантопшы, бұлшаққын, гүлсидам
,
гүлсерік
(околцветник),
гүлсағақ
(цветоножка),
гүлзардақ, құртқашаш
(өс.).
Құрама сөздің дыбыстық, мағыналық контаминациясы нәтижесінде
пайда болған бұл тобын біріккен сөз деп тану пәлендей дау туғызбайды.
Өйткені бұл сөздердің жеке сыңары мағыналық жақтан тұтаса келіп үшінші
бір лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы:
егеуқұйрық, өгізтіл
(өс.),
атауын қазақ тілінде сөйлеушілер («егеу» және «құйрық» немесе «өгіз» және
«тіл» деп дербес сөзге бөле-жара қарамайды.
Құрама сөздердің ішінде біріккен сөз қатарына қосып, бірге жазуға
таяныш болатын тағы бір жеке белгіні атап айтуға болады. Ол, мысалы,
құрама сөз сыңарларының бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалып барып, бір
бүтінге айналуы. Мысалы,
гүл, жапырақ, тамыр
деген сөздер белгілі бір
заттың атауы болғанымен, олар нақты бір ғана есімдікке, мысалы,
шырғанаққа ғана тән емес. Олар көптеген өсімдікте кездесетін вегатативтік
органдар. Сондықтан бүтіннің бөлшегі ретінде бұл сөздер (гүл, тамыр,
жапырақ т.б.) белгілі бір сөздің сүйемелі арқылы нақты бір өсімдіктің атауы
болып жұмсалады. Бұл тәсілмен жасалған біріккен сөздер әсіресе өсімдік
атауларында жиі кездеседі. Олардың бірінші сыңары әр түрлі сөздерден, ал
екінші сыңары өсімдіктің белгілі бір мүшесінің атауы болып, лексикалық
бір бүтін болады. Ондай мүшелер көбіне а) көбею органдары: тамыр, мұрт,
сабақ, жеміс, қат, жидек : ә) транспирация органдары: жапырақ, сабақ, мұрт;
б) жер үсті органдары: гүл тікен, бұта т.б. Осы аталған «бүтіннің бөлшегі»
(гүл, жапырақ, тамыр т.б.) құрама сөздің тұрақты сыңары ретінде
қайталанып отырады. Бұл құрама сөздер сөйлеу кезінде тіркестірілмей,
дайын күйдегі тіркес ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |