-егін, -құрақ, -балғын, -шалғын:
ақегін, көкегін, балқұрақ, бозшалғын,
ақшалғын
т.б.
-қурай:
ақбасқурай, балқурай, қарақурай, сарыбасқурай, сепсеқурай,
қызылқурай, аққурай, талқурай
(вербейник) т.б.
-ағаш, -көк, -тал:
әулиеағаш, қараағаш, қандыағаш, қазылағаш,
сарыағаш, жаманкөк, балдыркөк, ашкөк, ақтал, көктал (ива сизая),
қаратал, сауыттал, қызылтал, сабаутал, жылауықтал
т.б.
Бірақ бұл қатарға изафетті тіркестің екінші түрінен (алма ағашы, өрік
ағашы, сандал ағашы) ықшамдалып жасалған күрделі атаулар (алма ағаш,
өрік ағаш, сандал ағаш) жатпайды.
Соңғы сыңарлары
құс
тәрізді жалпылама сөзбен келген құс
атауларының да жазылуы осы тәрізді:
қарақұс, сарықұс, сұршақұс.
Бір сыңары жалпылама мәнде жұмсалатын мұндай сөздердің қатарына
-аралық, -тану, -құмар, -жанды
тәрізді дерексіз ұғымдағы сөздер арқылы
жасалған біріккен сөздерді жатқызуға болады:
ауданаралық, мектепаралық,
облысаралық,
қалааралық,
колхозаралық,
пәнаралық,
абайтану,
жамбылтану, әуезовтану, шығыстану, ұйғыртану, жаратылыстану,
қоғамтану; дүниеқұмар, малқұмар, қызықұмар, әнқұмар, шенқұмар,
малжанды, далажанды, әйелжанды, күйеужанды
т.б.
Ал бұл айтылғандарға керісінше, соңғы сыңары жалпылама мәнді
сөздердің бірі болмай, нақты бір өсімдіктің (мия, қылша, қонақ, қаңбақ,
кекіре, жусан т.б. я болмаса құстың (тырна, шағала, бүркіт, торғай т.б.) атауы
болып келсе, олар күрделі зат есімдер делініп, бөлек жазылады. Өйткені
нақты бір заттың азаюы болып табылатын бұл сөздер бүтіннің бөлшегі
ретінде жұмсалатын немесе жалпылама мәнде қолданылатын есімдерге
қарағанда құрама сөз құрамындағы дербестігін біршама сақтап отырады.
Сондықтан олар біріккен сөз емес, күрделі сөздер (күрделі есімдер) деп
танылады да, әр сыңары бөлек-бөлек тұлғаланады.
Мысалы:
көк мия, ешкі мия, ақ мия; қызылтамыр қылша, тау қылша,
мойнақ қылша, бұйра қылша; ат қонақ, ит қонақ, қарабас қонақ, тау қонақ,
күріш қонақ, бал қаңбақ, сор қаңбақ, май қаңбақ, әбе қаңбақ; түйе шетен
(пижма)
, май шетен, гүл шетен; көк кекіре, ақ кекіре, сары кекіре, у кекіре;
ас бұршақ
(горох),
бөрі бұршақ
(люпин),
атбас бұршақ
( бобы),
сиыр бұршақ
(лобия),
түйе бұршақ; шағыр жусан, құм жусан, ақбас жусан, қара жусан,
сарбас жусан, бөрте жусан, мығыр жусан, мық жусан, түйе жусан
т.б.
Екінші сыңары нақты бір құстың атын білдіретін күрделі құс атаулары да
осы ізбен жазылады:
сақалды тырна, ақбас тырна
(журавль красавка),
ақ
тырна; ақ шағала, өгіз шағала, байбай шағала, су шағала, су бүркіт
(орлан),
саржақ су бүркіт, құм бүркіт, шөл бүркіт, мола бүркіт, түз
бүркіт; итала қаз, сарала қаз, қара қаз, қоқи қаз, қараша қаз, қоңыр қаз;
меңіреу құр, ақ құр; су құрқылтай: кегір үйрек, қөгала үйрек, көкмойын
үйрек, ақбас үйрек
т.б.
Айдарлы торғай, ақбас торғай, ақкөт торғай, алақанат торғай, бұйра
торғай, бұқпа торғай, балшықшы торғай, барылдақ торғай, барылдауық
торғай, боз торғай, бозша торғай, жарылдауық торғай, додабас торғай,
жасыл торғай, жасымақ торғай, жатаған торғай, жау торғай, жорға
торғай (сойка), жүрдек торғай, жалпылдақ торғай, жыршы торғай,
зіңкілдек торғай, кезеген торғай, көбелек торғай, көкала торғай
(трясогузка
белая),
Достарыңызбен бөлісу: |