орынбасар, оттегі, кәсіпорын, өнеркәсіп, алақоржын
(тышқан).
Біріккен
сөздің бұл аталған түрлері бұрын-соңды шыққан зерттеулерде тиісті
дәрежеде, әр қырынан қарастырылған. Міне, осы айтылғандарға қоса
біріккен сөздің тағы мынадай түрлері бар деуге болатын тәрізді. Олар,
жоғарыда айтылғандай, құрама сөз
сыңарларының жалпылама мәнде,
дерексіз сипатта жұмсалуының негізінде жасалған біріккен сөздер. Мысалы:
сарықұс, қарақұс, қандыағаш, тасжапырақ
т.б. және құрама сөз
сыңарларының бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалуынан
жасалған біріккен
сөздер:
темірқанат
(құс),
бізтұмсық
(құс),
тоқалтіс, ақшұнақ
(тышқанның
түрі),
мұзбалақ, кезқұйрық, балтатұмсық
(құс),
қаратамыр
(өс.),
қозыгүл
(өс.),
ақсақал, қосаяқ, қосауыз
т.б.
Осы
айтылғандарға
құрама
сөз
компоненттерінің
деграм-
матизациялануы, эллипсиске ұшырау, субстанциялануы, кейбір қосымшалар
(-лар,-лер, -лық, -лік)
арқылы «ұласуы» тәрізділерді қоссақ,
сөздердің бірге
жазылуы аса күрделі, аса қиын мәселе екендігін көреміз.
Бірақ біздің мақсатымыз құрама сөздердің бұл айтылған типтерін
біріккен сөз деп танимыз ба, жоқ па дегенге үзілді-кесілді жауап беріп,
дәлелдеп шығу емес. Бұл жерде біз құрама сөздердің мұндай түрлерін,
әсіресе
соңғы жылдарда, біріктіріп жаза бастаудың нышаны бар екеніне
және бұлай жазудың негізсіз еместігіне назар аудардық.
Жазу тәжірибесінде күрделі сөздердің кейбір типтерін біріктіріп жазу
үрдісі кейінгі жылдарда күшейе түскені байқалады. Осымен байланысты
Орфографиялық сөздіктің соңғы басылымында (1988),
алдыңғылармен
салыстырғанда, бірге жазылған сөздердің саны едәуір көбейе түскен. Алайда
осы үрдістің себебін «күрделі сөз мағынаны білдіреді» деген мектеп
көлеміндегі қағидамен түсіндіруге болмайды. Мысалы, сырт пішіні бірдей
бола тұра, неге
Достарыңызбен бөлісу: