Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет5/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

ауызша 
дамыған әдеби тіл 
қызмет етті [4]. Осы аталған ауызша тілдің үлгілері 
болып саналатын шешендік сөздер, эпикалық туындылар, ақын-
жыраулардың аса мол көркем дүниелері, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт 
жырлары, т.б. түбінде жазба тіл нормаларына тірек болғанына, сондай-ақ 
қазақ тілінің бірегей, біртұтас тіл екеніне Ахаң жете мән беріп, тереңнен 
түсінді. Бұл факторлар жазуды халық тіліне негіздеудің тиімділігін көрсетті. 
Ал, өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде диалектілік құбылыс басым болғандықтан, 
халық тілі біртұтас болмады. Халық арасында аса кең тараған эстетикалық-
тәрбиелік, танымдық мәні, көріктеуіш құралдары, азаматтық-қоғамдық үні 
айрықша ауызша әдебиет үлгілері бар екенін, оның қалыптасқан тілдік, 


стильдік нормалары жаңа сападағы жазу-сызу түзуге мықты тірек болатын 
әлеуметтік-тілдік фактор екенін А.Байтұрсынұлы терең түсінді.
Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонологтар деп әдетте әліпби түзушілерді 
айтады 
(олардың 
фонологиялық 
зерттеу 
жазуы 
шарт 
емес). 
А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің дыбыстары жөніндегі фонологиялық 
көзқарасы алдымен өзі түзген әліпбиден көрінеді. «Қазақ тілінде 24 түрлі 
дыбыс бар. Оның тоғызы дауысты, он тоғызы дауыссыз. Дауысты дыбыстар 
.../а/, .../о/, .../ұ/, .../ы/, .../е/ және ә, ө, ү, і. Дауыссыз дыбыстар мынау: .../б/, 
.../п/, .../т/, .../ж/, .../щ/, .../д/, .../р/, .../з/, .../с/, .../ғ/, .../қ/, .../г/, .../ң/, .../л/, .../м/, 
.../н/. Жарты дауысыты дыбыстар: шолақ .../у/, һәм шолақ .../й/». Бірақ 
А.Байтұрсынұлы тоғыз дауыстының бас-басына таңба алмай, «Бес дауысты» 
жүйемен әліпби түзе келіп, олардың әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. 
Сөйте отырып, әлгі әріптер арқылы жазуда әр фонеманың екі түрлі әуезін 
(жуан, жіңішкелігін) сол фонеманың таңбасына сыйғызып береді. Сөйтіп 
төрт дауыстының бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы жуан немесе 
жіңішке (дәйекші болмауы – жуан оқуды, дәйекші болуы – жіңішке оқуды) 
әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасайды. А.Байтұрсынұлы әліпби 
жүйесінің, түптеп келгенде, сол кездегі және қазіргі жазу жүйесінен 
өзгешелігі әріптердің әрі дыбыстық мәнді, әрі сөз әуезін (жуан-жіңішке 
әуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте 
қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесінен ерекше 
үйлесім табады: «Тәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа 
дыбыстарды солай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз 
я жарты дауысты дыбыстар жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке 
айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты 
дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа 
дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылғандығы да айырылғандығы» [6]. 
А.Байтұрсынов түзген әліпби жүйесінде фонемалар мен әріптердің 
сандық қатынасы 28/фонема/ 24/ әріп/ болып шығады. Мұндай қатынас, 
«әліпбидегі әріптің саны фонеманың санына аз кем төмен болуға тиіс» деген 
жазу теориясындағы ең жақсы әліпби шартымен үйлесіп жатады.
А.Байтұрсынұлы тек әліпби түзіп қойған жоқ, фонология 
теориясындағы айырым белгі әдісін қолдану арқылы қазақ тілінің дыбыс 
жүйесі мен түзілімін 9 дауысты, 19 дауыссыз деп тұңғыш рет дәл анықтады. 
Дауыстылар мен дауыссыздарға берген сипаттамасына қарағанда 
А.Байтұрсынұлы дауыстыларды функционалдық басыңқы жүйе, ал 
дауыссыздарды функционалдық бағыныңқы жүйе деп таниды. Мұндай 
лингвистикалық танымның мәні айрықша. Әдетте басыңқы жүйенің 
(дауыстылардың) бағыныңқы жүйеге әсері, ықпалы күшті болады. Соның 
салдарынан бағыныңқы жүйенің (дауыссыздар) жүктемесі де көбейе түседі. 
Мәселен, дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың реңктері әлдеқайда көп 
болып, басыңқы жүйенің ыңғайына қарай жуан, жіңішке, еріндік, езулік 
болып түрленіп отырады. Сөйтіп, жуан немесе жіңішкелік белгі бүкіл сөз 
бойы тұтаса айтылып, әуен-әуез бірлігіне айналады. «Байтұрсынұлы 
әліпбиіндегі» (жалпы тіл біліміндегі атауы, Самойловичтің термині) дәйекші 


әуен-әуез бірлігін бейнелесе, жеке әріптер жекелеген дыбыстық бірліктерді 
көрсетеді. А. Байтұрсынұлы жазуының графемалық жүйесі тұрпат межесі 
тұрғысынан сегменттік, әрі суперсегменттік бірліктерді (жуан, жіңішкелікті) 
белгіледі. Сондықтан да бұл жазу жүйесі қазақ тіліндегі сингармонизм 
табиғатымен барынша үйлесімді болды. А. Байтұрсынұлы жазу жүйесінің 
бұрынғы араб әліпбиі негізіндегі ескі қазақ жазу жүйесінен, орыс әліпбиіне 
негізделген 
жазу 
жүйесінен 
принципті 
айырмасы 
осында 
еді. 
А.Байтұрсынұлына дейін араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуының тұрпат 
межесі жуан немесе жіңішке белгілерді дауыссыздардың ырқына 
бағындырып бейнеледі, яғни дауыстылардың жуан немесе жіңішкелік 
белгілері дауыссыздардың жуан немесе жіңішкелік таңбасына қарай оқылды. 
Ал, орыс әліпбиіне негізделген жазу болса, біріншіден, сөздің жуан немесе 
жіңішкелігіне тән белгілерді жеке дыбыстармен «бөлшектеп» берді, 
екіншіден, дауыссыздар жүйесінің дауыстылар жүйесіне бағыныңқылық 
қатынасы ескерілмеді.
А.Байтұрсынұлы түзген әліпбиді сол кезеңдегі фонологиялық 
мектептің аға буын өкілдері, әлемдік лингвистиканың көшбасшысы болған 
Е.Д.Поливанов, сондай-ақ Н.Ф.Яковлев тәрізді көрнекті фонологтар аса 
жоғары бағалады. Түркітанушы К.К.Юдахин мен А.М.Сухотин латын 
жазуына көшкенде қырғыз халқының Байтұрсынұлы әліпбиі сол күйінде 
қолданғанын атап айтады. Мұның өзі А.Байтұрсынұлы әліпбиінің ұлтаралық 
мәртебесін көрсетеді.
Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы түзген әліпби жазу тәжірибесінде 
жұртшылықты сауаттандыру ісіне өте оңтайлы болғанын М.Дулатұлының 
мына пікірінен айқын байқауға болады: «Қазақ тілін қолына қалам 
ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза бастаған Байтұрсынов қазақ емлесін 
шығарды, оқу құралдарын жазды. Осы екі жылдың ішінде «Қазақ» 
газетасының тіл, емле туралы қылған қызметі көзге көрінерлік болды. Екі 
жылдың ішінде орта есеппен 250 мың дана «Қазақ» нөмірі тарады, жаңа 
сөйлеммен 15-тей кітап шықты, бұлар 45 мың данадай бар. Осының бәрі 
қазақ арасына тарап жатыр. Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық 
деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін мұсылман медреселерінде, 
орыс школдарындағы шәкірттер, учительдер, мұғалімдер жабыла қабыл 
еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық 
қана қызмет, иншалла, мұнан кейін артпаса, кемімес деген үміт зор» [6].
А.Байтұрсынұлы бұрын тек бір ғана формада, яғни ауызша түрде 
қызмет етіп келе жатқан ауызша әдеби тілдің графикалық, орфографиялық 
жүйесін жасап, оның жазбаша түрде қызмет етуін зерделеп берді. Таңба 
теориясы тұрғысынан алғанда А.Байтұрсынұлының жасаған араб әліпбиі 
негізіндегі жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпыхалықтық тілдің бір 
формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бірліктерін, ал 
мазмұн межесі тұрғысынан сол тілдің мағыналық бірліктерін белгіледі. 
А.Байтұрсынұлының лингвистикалық мұрасын жан-жақты зерттеп, арнайы 
монография жазған Өзбекстандағы қандасымыз, филология ғылымдарының 
докторы, профессор Махамбет Жүсіпов қазақ тіл білімі тарихында 


А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің дыбыстық бірліктер түзілімін дәлме-дәл 
анықтауы арқылы ұлттық жазудың тұңғыш фонемографиялық жүйесін 
жасағанын атап айтады. 
Сөйтіп ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы қазақ жазу-сызуын 
демократиялық бағытқа (халық тіліне) бұрды; қазақ жазуы фонетикалық 
жазудан фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі 
қаланды. Қазақ жазуының онтогенездік дамуындағы бұл ерекше кезеңде 
Ахмет Байтұрсынұлы ақыл-парасатты, қажыр-қайратты лингвистикалық ой 
тереңдігі жағынан дәуірдің дара тұрған біртуар ұлы тұлғасы болды.
Алайда қазіргі қолданылып жүрген орыс графикасына негізделген 
жазуды, менің ойымша, ұлттық сипаттағы жазу деп тануға болмайды, 
өйткені, біріншіден, әліпби құрамында қазақтың дыбыс жүйесін 
бейнелемейтін әріптер бар. Екіншіден, қазақтың төл сөздері қазақ тілінің 
дыбыс ережесімен, ал толып жатқан кірме сөздер (экономика, медицина, цех, 
футбол, т.б.) орыс орфографиясының ережесімен жазылып жүр. Бұл кезінде 
Орталықтың 
нұсқауымен 
жасалған, 
тоталитарлық 
режімнің 
«құндылықтары». Кіндігі орыс тіліне байланып қалған мұндай қостілді жазу-
сызуды ұлттық сипаттағы рухани дүниеміз деп тану екіталай. Сондықтан да 
даналықтың диқаншысы болған Ахаңнан тағылым ала отырып, қазақ жазуын 
түбегейлі реформалау арқылы оған ұлттық сипат беру кезек күттірмес өзекті 
мәселелердің бірі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет