жазуды оңтайлы етудің, емлені жеңілдетудің тиімді қолданудың жолдары
мен теориялық негіздерін үнемі қарастырып келеді.
«Не случайно в литературе неоднакратно ставился вопрос об
исчезновении всякого фонемного основания английской письменности. Не
случайно и то, что английское письмо приводится в качестве примета
письма, приближающегося к идеографическому.
Осознание этой ситуации лингвистической наукой выражается нередко
в призывах к сближению письменного и звукового языков, выдвигаются
самые различные проекты преобразования английской орфографии, вплоть
до создания нового алфавита» [7].
Қазіргі орыс жазуы І Петр заманынан бері бірнеше өңдеуді басынан
өткерді. Орыс жазуының зерттеле бастауы В.К.Традиаковский мен
М.В.Ломоносов еңбектерімен байланысты. Ал одан беріде орыс жазуының
жалпы және жеке мәселелері жөнінде жүздеген зерттеу жазылды [8].
«Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын
пайдаланды. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қазақ
оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар,
қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық
жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды біраз
жетілдіруді қоя бастады [9].
Қазақ жазуын жақсарту, оңтайлы ету, тиімді қолдану, әліпбиін өзгерту
т.б. мәселелер қазақ қоғамында дүркін-дүркін көтеріліп, үнемі қоғамдық
назарда болып отырды. Мұндай пікірлер соңғы жылдарда да (1990 –1993
жж.) айтыла бастады [10]
Әрине әр автордың өзіндік дәлелі, уәжі бар. Бұл жерде әңгіме олар
жөнінде емес. Біздің ойымызша, қандай бағыт ұстансақ та, алдымен
теориялық тиянақ керек. Ол үшін қазіргі қолданып жүрген жазуымыздың
құрылымын, жүйесін қалай да бір талдау елегінен өткізіп алу аса қажет.
Міне, осымен байланысты дыбыс тілі мен жазба тілді, олардың негізгі
құрылымдық элементтерін (сөз дыбыстары, фонема, әріп, әліпбиді) өзара
байланысты қарай отырып, қазіргі жазуымыздың фонологиялық негізін іздеу
жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: