Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картадағы екі қаланың арасында түзу сызық жүргізу



Pdf көрінісі
бет164/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Картадағы екі қаланың арасында түзу сызық жүргізу 
арқылы құрылымдық кешенді қима-сызба тұрғызу
.
Құры лым ды көлденең қима-сызба тұрғызу үшін Қазақстан 
Республикасының масштабтары бірдей физикалық, геологиялық, 
тектоникалық, климаттық, топырақ жəне өсімдіктер жамылғысы-
ның картасы алынады. Талдықорған мен Қарағанды қалалары 
аралығының құрылымды көлденең қима-сызба тұрғызу үшін 
көлденең масштабты картамен бірдей 1:7 500 000, ал тік мас-
штабты 1:50 000 етіп алады. 
Гипсометриялық шкала бойынша қабатты бояулардың сəйкес 
келетін биіктігін көлденең қима-сызбаның тік масштабына 
белгілейміз. Ал екі нүктені қосатын сызық бойындағы өлшеп 
алған белгілі бір қабатты бояудың ұзындығын көлденең масштаб 
бойынша белгілейміз де тік масштаб шкаласынан басталатын
бірінші жəне екінші нүктенің арасын қосамыз. 
Екеуінің арасы шкалада көрсетілгендей 500 м айырма жаса-
уы тиіс. Осы əдіспен екі нүктені қосатын түзу сызық бойындағы 
Қазақстанның физикалық картасындағы биіктік шкаласының 
белгілі бір мəніне сəйкес келетін қабатты бояулардың ұзындығын 
өлшеп тік жəне көлденең масштабқа сай белгілеп жер бедерінің 
ерекшеліктерін ашып көрсетуге мүмкіндік беретін қисық сызық 
жүргіземіз. 
Одан кейін жоғарыда көрсетілген əдіске негізделіп жер бедерінің 
екекшеліктерін сипаттайтын сызықтың астына тектоникалық 
картадан кристалды іргетасының жатқан тереңдігін, геологиялық 
картадан əртүрлі геологиялық жастағы тау жыныстарының 
қабатын индекспен немесе бояумен белгілейміз. Содан соң бетіне 
топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, буланудың, температура 
мен жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерін, ылғалдану 
коэфициентін түсі əртүрлі сызықтармен жүргіземіз. Көлденең 


188
қима-сызба тұрғызылатын нүктелер арасын қосатын сызық 
бойындағы географиялық нысандардың аттары жазылады. 
Құрылымдық кешенді қима-сызбаның астыңғы жағына тік 
жəне көлденең масштабтардың мəндері, қамтылған құбылыс-
тардың шартты белгілері жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет