393
жіпті тордағы заттың бейнесі орнынан жылжып кетеді. Жыл-
жып кеткен жағдайда жіпті тордың түзеткіш винттерін босатып,
заттың бейнесінің тордың ортасы мен түйіліскенше бұрап, тура
түйіліскен сəтте винтті қатайтамыз.
Көлденең бұрыштарды
теодолитпен төмендегі əдіспен
анықтайды. Құралды орнатып болған соң, көлденең түзу жағдайға
келтіріп, станды винттің ұшындағы ілгектің ұшына ауыр үшкір
темір байланған жіпті жерге сəл-сəл тигізбейтіндей деңгейде
салбыратып байлап, жерге бағытталған түзу жүргізіп, құралды
орталықтандырамыз. Теодолитті бекітетін заттық столдағы
көтергіш екі винт пен көлденең шеңбердің үстіндегі деңгейді па-
раллель орналастырып, екі винтті бір-біріне қарам-қарсы бұрап,
ауа көпіршігін нөл-пунктке келтіреміз. 180° бұрап үшінші винтті
бұрап оны да нөл-пунктке келтіреміз. Құрал əбден нөл-пунктке
келгенше винттерді бұрап, көлденең түзу жағдайға келгенін
мұқият тексереміз.
Достарыңызбен бөлісу: