Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Теодолитті жұмысқа дайындау кезеңдері



Pdf көрінісі
бет337/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Теодолитті жұмысқа дайындау кезеңдері. 
Жұмысқа жарам-
ды теодолит бірнеше талаптарға сай болуы тиіс:
– көлденең шеңбердің алиадасындағы біліктің деңгейі 
құралдың бас білігіне перпендикуляр орналасу қажет; 
– көру түтігін бұратын білік түтіктің нысаналау білігіне пер-
пендикуляр орналасуы шарт;
– көру түтігі мен құралдың бас білігі өзара перпенди-
куляр орналасуы тиіс.
Бұл шарт орындалу үшін жұмысты бастар алдында теодолитті 
тексеру керек. Ол үшін төмендегі екі шартты орындау қажет:
а) құралдың цилиндрлі біліктік деңгейі айналу білігіне пер-
пендикуляр орналасуы керек;


392
ə) көру түтігінің айналу білігі нысаналау білігіне перпендику-
ляр орналасуы тиіс.

Бірінші тексеру 
көлденең шеңбердің алидадасының деңгейін 
көлденең түзу жағдайға келтіру үшін айналу білігіндегі деңгейді 
теодолит бекітілген столдағы (А) екі көтеру винтіне параллель 
бағытта орналастырамыз да, екі винтті бір-біріне қарсы бағытқа 
бұрап, деңгейдің ауа көпіршігін нөл-пунктқа келтіреміз. Бұдан соң 
көлденең шеңбердің лимбасын 180°-қа бұрып, ауа көпіршігінің 
түзулігін тексереміз.
Егер көпіршіктер бұрынғы деңгейінде нөл-пунктте тұрса, 
винттерге тиіспейміз. Егер ауытқу болса, үшінші көтеру винтінің 
деңгейіне параллель бағытта орналастырып бұрап, ауа көпіршігін 
нөл-пунктке келтіреміз. Теодолиттің білігін айналдырып, 
деңгейдің ауа көпіршігі нөл-пунктке келеді.
10.18-сурет.
Жіпті қашықтық өлшегіш арқылы сəулелнің өтуі (А); 
тордың түрлері (Б)
Теодолиттің буссоль бағыттың магниттік азимутын анықтау 
үшін қолданылады. 
Екінші тексеру
құралды көлденең түзу жағдайға келтіріп 
болған соң, алидадалық шеңбердің тежегішін босатып, үлкен 
көру түтігінің жіпті торларын əртүрлі затқа бұрып, шкалалы 
дөңгелек лимбалы көлденең шеңбердің градустық көрсеткіштерін 
тексереді. Содан соң көру түтігін 180° бұрып, екінші рет тексереді. 
Егер өлшемнің дəлдігі 180° тең болса құралдың екі жақты 
дəлдігі анықталды деп есептеледі. Егер екі өлшемнің ауытқуы 
қалыпты болса, ауытқуды екі өлшемге бөліп жазып, көлденең 
шеңбердің лимбасынан ортақ санды анықтайды. Бұл жағдайда 


393
жіпті тордағы заттың бейнесі орнынан жылжып кетеді. Жыл-
жып кеткен жағдайда жіпті тордың түзеткіш винттерін босатып, 
заттың бейнесінің тордың ортасы мен түйіліскенше бұрап, тура 
түйіліскен сəтте винтті қатайтамыз.
Көлденең бұрыштарды 
теодолитпен төмендегі əдіспен 
анықтайды. Құралды орнатып болған соң, көлденең түзу жағдайға 
келтіріп, станды винттің ұшындағы ілгектің ұшына ауыр үшкір 
темір байланған жіпті жерге сəл-сəл тигізбейтіндей деңгейде 
салбыратып байлап, жерге бағытталған түзу жүргізіп, құралды 
орталықтандырамыз. Теодолитті бекітетін заттық столдағы 
көтергіш екі винт пен көлденең шеңбердің үстіндегі деңгейді па-
раллель орналастырып, екі винтті бір-біріне қарам-қарсы бұрап, 
ауа көпіршігін нөл-пунктке келтіреміз. 180° бұрап үшінші винтті 
бұрап оны да нөл-пунктке келтіреміз. Құрал əбден нөл-пунктке 
келгенше винттерді бұрап, көлденең түзу жағдайға келгенін 
мұқият тексереміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет