Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


мониторинг  жұмысының нәтижесін талдау



Pdf көрінісі
бет224/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

 
мониторинг 
жұмысының нәтижесін талдау
 
және әдістемелік бірлестікте талқылау 
ұсынылады. 
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша шектеу 
шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтарды анықтауды 
ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша 
жұмыстар, тестілеу
арқылы жүргізу ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 
анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа топтастыру ұсынылады:

қоғамдық қатынастар; 
- мәдениеттің дамуы; 
- саяси жүйелер; 
- экономикалық қатынастар
.
Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты 
жүйесін құруға мүмкіндік береді, өйткені жоспарлау кезінде мұғалім 
зерттелетін тақырыптар мен білім алушылардың олқылықтары болған 
тақырыптар мен оқу мақсаттарын байланыстыра алады. 
Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 
өткен оқу жылындағы
 
меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады: 
6-сыныпта: 
6.1.2.1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын 
сипаттау оқу мақсаты мен 5.1.2.1. ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын 
сипаттау оқу мақсатын;


191 
6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі 
бағыттарын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 5.3.2.2 Қазақстан 
аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-
қатынасын анықтау оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіру ұсынылады; 
7-сыныпта: 
7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи 
кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау оқу мақсатын меңгертуде 6.1.2.1 
қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау оқу мақсатын;
7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен 
маңыздылығын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 6.2.1.1 түркілердің 
дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру оқу мақсатын; 
8-сыныпта: 
8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын 
дамытудағы рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.2.3.4 Шәкәрім 
Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи дерек 
ретіндегі маңызын айқындау оқу мақсатын; 
8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын 
анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.3.1.3 
Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау оқу 
мақсатын; 
9-сыныпта: 
9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын 
талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 
демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау оқу мақсатын; 
9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру 
оқу мақсатын меңгертуде 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын 
анықтау оқу мақсатын кіріктіріп тапсырма беру ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет