А мерзімді жоспары



Дата11.01.2022
өлшемі30,83 Kb.
#111354
түріСабақ
Байланысты:
80-сабақ. Ғарышайлақ


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

Пән: Әдебиеттік оқу

80-сабақ. Ғарышайлақ

Күні: 05.04

Мұғалімнің есімі

Сынып: 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.1.1 Шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу.

4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу,

өлең (төрт жолды) жазу



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өлеңді мәнерлеп, шапшаң, түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Автордың пікірін мысалдар келтіріп дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өлең құрастырып, жарнама

жасайды.


Бағалау критерийлері:

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқып, мазмұнын талдайды. Мәтін мазмұнын өз сөздері арқылы түсіндіреді.

Тақырыпқа қатысты жарнама жасайды.



Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің

дамуына үлес қосу



Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ютуб желісінен https://youtu.be/hcFnEW-sk-Y бейнебаяны

Алдыңғы оқу/ Бастапқы

білім

Ғарыш туралы білімдері бар

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

Үйге тапсырмасын тексеру: Бүгінгі заманда ұшақтар, тікұшақтар болмаса, адам үшін қандай қиындықтар, мәселелер туындар еді? Әңгімеле

Байқоңырдың суреті https://youtu.b




ҚБ: жақсы жазған оқушыларды мадақтау

«Орында» айдары

Төмендегі сөздерді пайдаланып, Байқоңыр сөзін сипатта. Сөздер: Қазақстан, ғарыш айлағы, алғашқы, жер, адамзат



ҚБ: мағыналы сөйлем құрастырған оқушыларды мадақтау.

«Сөйлесейік» айдары

«Ой қозғау» әдісі бойынша «Байқоңыр қаласы туралы не білесіңдер?» деп сұрауға болады. Содан соң Байқоңыр қаласы туралы бейнежазба көрсетіледі.(Аудиодискпен жұмыс)

e/hcFnEW-sk- Y

Ортасы

Мағынаны тану

ТЖ. «Джигсо» әдісі бойынша «Байқоңыр» өлеңін төрт шумаққа бөліп, топтағы 1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес шумақты оқиды. Басты мақсат – өлеңді оқу, ақпаратпен және автормен танысу.

Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар»

тобы құрылады. Бұл жерде өлеңмен бірге «Жұлдызды қала» мәтіні де оқылады. Мақсаты – өлең мазмұнын бірлесе игеру, қосымша ақпарат арқылы қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру:

Қосымша ақпаратты толықтыру: Сырбай Мәуленов (1922 – 1993) – ақын. Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Ол соғыста өткен өзінің жастық шағы туралы

«Мыңқолдар сау болсын» деген өлеңінде: «Мың гүлдер солмасын деп, –Гүлдей жастық күнімді бердім», – деп жырлайды.

Сөздікпен жұмыс

Ат күші – бұл жерде: зымыранның қуатын білдіреді Сұрақтар



  • Байқоңыр бұрын қандай жер еді?

  • Ақынның «Ғарыш дәуірі Байқоңырдан басталды» деуінің сыры неде?

- Өлеңде зымыран қалай суреттелген?

«Анықта» айдары

– Өлеңнен теңеу, эпитет сөздерді тап.



Дескрипторы:

. Өлеңді оқып, ақпаратпен танысады.

. Өлең мазмұнын топта талқылайды.

. Сұрақтарға жауап береді.



ҚБ: Смайликтер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

«Білгенге маржан» айдары

«Байқоңыр» ғарышайлағы 1955 жылы салына бастады. Ол Қызылорда облысының Төретам ауылына жақын жерде орналасқан. Ең алғашқы жасанды Жерсерік, ең алғашқы адамзат










Оқулық




Жұмыс дәптерлері, Оқулық












баласының ғарышқа жолы осы Байқоңырдан басталды. Сондықтан Байқоңыр – «жұлдызды қала» деп аталып кетті.

«Құрстыра» айдары

ТЖ. «Қиялға ерік бер» әдісі

а) «Хабар- ә) «Жұлдызды б) Мұғалім ландыру- қаладағы тосын көмегімен жоспар ды» жаңалық» атты бөліктерінен әңгіменің оқыңдар тақырыпта қиял- басталуын, дамуын, ғажайып әңгімеге шиеленісуін, шарықтау

жоспар құрастырып шегін, аяқталуын жазыңдар сипаттаңдар.

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

Сіздерді ғарышкемемен саяхаттау шақырамыз. Өзіңізбен бірге кімді, нені алып жүретініңізді алдын ала тізімде көрсетіңіз.

Кезекке жазылыңыздар.

«Жұлдызды қала» ұшу айлағы

Саралау

Барлық оқушылар қиял-ғажайып әңгімеге жоспар құрастырады. Көпшілігі мұғалім көмегімен жоспар бөліктерін түсіндіреді. Кейбірі тапсырманың топта жылдам, дұрыс орындалуына әрекет жасайды.

Тиімділігі: оқушылар жоспар құра отырып, тақырып пен жоспардың байланысын ұғады.

ҚБ: жақсы әңгіме құрастырған топтарды мадақтау.





Аяқталуы

Рефлексия

«Қорытындыла» айдары

– «Байқоңыр» ғарышайлағы туралы қайдан оқып білуге болады? Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.



Үй тапсырмасы:Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.

Ақпараттық әдебиеттер

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Жіктеу: «Джигсо» тобына жіктеу

жүргізіледі.



Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары, «Басбармақ» әдісі



Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және



неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет