30
Әрбір халық өзінің төл
мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасатын салт-
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде,
ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет.
Бұл жағдайда қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін,
сондай-ақ
ұлттық тағамдарын т.б. зерделеу – өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілін, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атрибуттары: мемлекеттік рәміздерін білуі тиіс.
Осы негізде
конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты түрде өткізу; әрбір мектепте
мұражай ашу; көрнекті тұлғалармен,
даңқты спортшылармен, ғалымдармен,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен
кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде
мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша
тақырыптық сабақтар өткізу
өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен
жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат,
экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық
білімі
мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты жандандыру,
туған өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең зерттеу) «Табиғатым – тал
бесігім» (туған жерге жауапкершілікпен, аялап қарау) жобаларын жүзеге
асыруды жалғастыру маңызды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін академия әзірлеген
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері»
әдістемелік ұсынымдары
әдістемелік нұсқаулық болады
Достарыңызбен бөлісу: