•
Абайдың ақындық мектебінің поэзия мен музыкадағы өзіндік дәстүрі мен
жаңашылдығын үлгі ету;
•
Ақынның туған жерінің ерекшелігі, ұрпақ орнатқан мәңгілік ескерткіш,
өнер туындыларының Абайға арнаған сурет, сәулет, кино, драмалық, ақындық,
жазушылық, сазгерлік т.б.шығармаларындағы нақыл сөздерінің мән-мағынасын
ашып, сол нақыл сөздердің адам өміріндегі мәнін, шығармаларының
адамгершілік идеяларын таныту;
•
Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу,
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
•
Ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын
ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй,
тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы
көзқарастарымен таныстыру;
•
Ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі,
қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік
идеяларын таныту;
•
Абай шығармашылығының әлем тілдеріне аударылып, насихатталуын
зерделеу;
•
Абайдың «Толық адам» концепциясын таныту арқылы оқушылардың
ұлттық танымын қалыптастыру, жастарды өмірден өз орнын табуға бағыттау;
•
Абайды тану, оның шығармаларының мәні мен маңызын сезіну, күллі
азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, терең бойлай білу, жан- жақты
талдау, ол ұрпақтың міндеті болмақ.
Абайтану
материалдары
негізінде
оқушылардың
зерттеушілік
қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік бар. Оқушыға ізденіс тапсырмасын бере
отырып танымдық-шығармашылық қабілетін ұштаймыз, өз бетімен жұмыс
жасауына мүмкіндік туғызамыз. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге
ұмтылу бала үшін үлкен жетістік.
«Абайтану» курсында оқушылар үшін алдыңғы сыныптардан қалыптасып
келе жатқан өз бетінше оқу, іздену, шешім табу, сараптау, бағамдау сияқты оқу
әрекеттерін шыңдап, жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: