Күтілетін нәтижелер .
5- сынып бойынша күтілетін нәтижелер: •
Абайдың өскен ортасы мен тәрбие алған қайнар бұлақтарын
меңгереді;
•
Абай аудармаларын оқу арқылы оқушылардың сыни көзқарастары
қалыптасады;
•
Ақын өлеңдерінің идеялық-көркемдік мән-мағынасын талдап, ақын
өмір сүрген замана бейнесін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, қазіргі
өзекті проблемалардың шешімін таба алады;
•
Абайдың ақын-шәкірттері туралы білімдерін толықтырады.
6- сынып бойынша күтілетін нәтижелер: •
Абай шығармашылығын ғылыми еңбектер, монографиялар
негізінде танып, ғылыми еңбектермен жұмыс жасауды меңгереді;
•
Абайдың табиғат лирикасын орыс әдебиетімен салыстыра отырып,
бүгінгі өзекті экология мәселесін ұғынады;
•
Абайдың оқу-білімге арналған
өлеңдерінің тәрбиелік мәнін,
өмірдің бой емес, ой жарыстыратындығын түсінеді;
•
Абайдың өнер, ән тақырыбындағы өлеңдері негізінде өнерді сүюге,
бағалауға үйренеді;