басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы
жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша
әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады.
Бұлардың қазасының ақын жанына қандай
батқаны оның осы тақырыпқа
арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы
тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай
қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай
Мағауияның қазасынан кейін
қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың
ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол
арада қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес
махаббатының, ізгі
құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы
үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұрғызылды. (2 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: