Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№20 Дулат Бабатайұлының Еспембет поэмасы мен батырлар жырындағы өзара



Pdf көрінісі
бет20/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

№20 Дулат Бабатайұлының Еспембет поэмасы мен батырлар жырындағы өзара 
үндестік.
Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақта, бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау 
мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы ел мұңымен, халық 
тағдырымен ұштасып жатыр деп М.Ғабдуллин атап өткендей, батырлар жыры ауыз 
әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елдігін сақтау 
үшін көзсіз ерлікке бару мұраты басым. Осындай патриоттық мәні зор дастанның бірі – 
Д.Бабатайұлының Еспенбет жыры. 
Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет – батырға тән өзінің жанқиярлық ерлігімен көрінеді. 
Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда» деген жолдармен жеткізеді. Бұл 
ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын алдыға 
тартады. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген аталы сөз Еспенбет 
бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің бастау 
алар кезеңі балалық шағындағы арманы мен үмітінен басталады. Хан-сұлтандар қазан бұзар 
үй тентекке айналған заманда, ер мен елдің идеясын халық көкейіне жеткізбек болған 
Еспенбет пен батырлар жырындағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты қамал бұзар 
ерлердің арасында қандай үндестік бар? Оларды не байланыстырады? 
Қазақтың батырлар жырында қанды тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Менің ойымша, ең 
алдымен оларды біріктіретін күш – халықтың арманы, мақсаты мен мүддесі. 
Себебі, мұнда қозғалатын басты мәселе елді жаудан қорғап, Отаныңды адал сақтап қалу. 
Ал екіншіден, қай жырды алып қарасақта батырлар елін сүйген, атамекенін, халқын, оның 
ар-намысын қорғау үшін ерлік істер атқарып, тәуелсіздік жолында тек батырлығымен емес, 
ақыл-парасаты мен тапқырлығын, көрегендігін, мәрттігін өз замандастарына үлгі етіп 
қалдырады.
Міне, осы жағдайлар батырлар туралы дастандарда үндестік тауып, тізбектей жалғасып 
келеді. 
Қорыта келе, дастандағы Еспенбеттің әрбір ерлігі мен батырлар жырындағы елдік істер 
бәрімізді таңқалдырып, үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға 
түрткі болады. Мұндай шығармалар егіз туындыдай ұрпаққа мәңгі өнеге болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет