Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

 
 
№23. «Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың 
ерекше түрі екенін дәлелдеп жазыңыз. 
«Жамбылдың халықтың ақындық дәстүрлерін сақтаушы ретіндегі зор таланты, оның 
айқын дүниетанымы қазақ әдебиетінде артынан асыл мұра қалдыруға септігін тигізді» деп 
Л.Соболев айтқандай, Жамбыл ақын өрелі жырдың өрнегін кестелеп кеткен дара тұлға. 
Ғасырлар бойы ел жадында жатталып келе жатқан халық жырын сүйіп өскен ақын осынау 
құнарлы топырақта қанатын еркін сермеп, көкке самғайды. «Он бесте ақ домбыраны алдым 
қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорға. 
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жылтылдадым», деп өзінің ақындық өнерін жоғары бағалайды. 
Жамбылдың осындай өнері арқылы танылған айтыстары бұрыннан келе жатқан дәстүрді 
кеңейте, жаңа дәрежеге көтерген шығармалар. Оның айтыстарынан оның қиыннан 
қиыстырып, сөз табатын, үлкен қоғамдық мәселелер көтере отырып, халық мүддесіне табан 
тіреген хас шеберлігі сезіледі. Ақын жастайынан Айкүміс, Сарбас, Досмағамбет, Шашубай, 
Сары ақынмен айтыстары ел жадында сақталып, тапқырлығы, шешендігімен халықтың 
ыстық ықыласына ие болған. Әсіресе, соның ішінде, Жамбылдың атағын шығарған 
Құлмамбетпен айтысы ерекше көзге түседі. Ал не себепті бұл айтыс мазмұны жағынан 
ерекше болып табылады? Оның қандай артықшылықтары бар? Осыны бірге талдап көрелік. 
Айтысты зерделей зерттей келе, мен бұл айтыстың өзгелерге ұқсамайтын өзіндік 
ерекшеліктері бар екенін байқадым.


Біріншіден, екі ақында бірінен бірі асып түсетін өнер майталмандары. Бірақта бұл айтыста 
Жамбылдың жеңіп шыққан себебі, оның сабырлығы мен қарсыласының күші мен сөз 
шеберлігін бағалай алуында деп білемін. Бұған дейін ешкімнен беті қайтпаған Құлмамбеттің 
арынды сөздері әу бастан ақ төпелей түсіп, кімді болса да састыратындай еді. Жамбылды 
көрген беттен зәресін ұшырмаққа бет қаратпастай айбарын көрсетіп, Жамбылды не түрлі 
жаман атаулыға теңейді. Содан барып, ел жуандарының байлығын тізбелеп мақтауға көшеді. 
Алайда осы сөздеріммен жеңдім деп масаттанып отырған ақынды Жамбыл ірі сөйлеп, астам 
мінез танытқан Құлманбеттен өзінің шындыққа негізделген тасқынды өткір өлеңдерімен 
басым түседі. 
«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, 
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт. 
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр, 
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт» 
деп Жамбыл Құлмамбеттің мақтаған байлары мен саудагерлеріне қарама қарсы ел 
тәуелсіздігі үшін күрескен Сұраеншы, Саурық батырларды нағыз халық қалаулары деп 
көрсетеді. Бұлардыі қасиетті есімін ардақ тұтып, Құлмамбет дәріптеген байлардың шетінен 
озбыр, надан болғанын мінездеп береді.
Екіншіден, бұл, менің ойымша, әрбір ақын өз руын мақтайтын салтқа қарсы жасалған 
жаңа бетбұрыс еді. Сонымен қатар, қазақтың айтыс өнеріндегі жаңаша көзқарас пен 
өзгелерге ұқсамайтын өзіндің ерекшелігі деп есептеймін.
Үшіншіден, бойындағы сабырлық мінезін таныта отырып, қарсыласын жеңу мақсатында 
емес, халықтың асыл мұралары шежіре, аңыз, тарихи оқиғаларды айтыс шеңберіне 
кірістіріп, оған дастандық мазмұн сыйғызып, халыққа дәріптеуі, айтыстың тағыда бір 
ерекшелігі деп атап өтуге болады.
Қорыта келе, ауыз әдебиетінің көркемдік дәстүрінен үлгі алған Жамбыл мен 
Құлмамбеттің айтысын халықтың айнасы, әрі нағыз айтыс шеберлігі деп атауға болады. 
Жаңашылдықты көздейтін ақын осы айтыс өнерінде ерекшелігімен танылып, халықтың 
санасында жатқан мәселелерді қайта жаңғыртқандай әсер қалдырды. Сонымен қатар, 
тарихта аты қалған ұлы тұлғаларды танытып, бізге өнеге болсын деп осындай асыл мұраны 
қалдырып кеткендей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет