шырмалып қалатынымыз тағы бар. Мұндай кезде не қарекетке баруымыз тиіс? Кімнен үлгі
алып жүрміз? Біз мұны жеңе аламыз ба? Бұл сұрақтың жауабын бірге іздеп көрелік.
Біріншіден, адамның көкірек көзі ашық, санасы ояу болса, бұл жағдайлардан сабақ алып,
дер кезінде түсінетініне сенімім кәміл! Егер «Өгіз бен бақа» мысалындағы бақа тәрізді өз
әлін білмей, өз болмысынан асып, өзгенің ағымына ілесіп кете берсе оның тұлғалық
даралығы жойылады.
Екіншіден, осы жауһар, көңілге ой салатын мысалдарды жиі оқып отыру арқылы өз-
өзімізді тәрбиелеуіміз қажет.
Үшіншіден, тек ерік жігері мол адам өмірдің осы тұстарын тасқа жарып шыққан сынадай
жарып шыға алады. Ол үшін тек жігерлі болу керек.
Менің ойымша, бұл мысал тек Ахмет заманында ғана емес, бүгінгі күні өз сипатын алыр
отыр. Өмірде бұндай пасық, өркөкірек адамдардың белең алуы ғасыр дерті десекте болады.
Қорыта келе, мысалдар арқылы өмір шындығын таныта білген ақын мұрасы бізге өнеге
болумен қатар, өмір сынақтарына үйретіп, жақсылықты насихаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: