Біріншіден, Ыбырай шығармаларының өзіндік бір ерекшелігі аз сөзге көп мағына
сыйғызып, мақал мәтел, афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тәлімдік мәніне ерекше
көңіл бөлуі деп ойлаймын. Мәселен, оның адамгершілікке тәрбиелейтін шығармаларын
алып қарасақ, мұнда мазмұны жеңіл әрі ойға қонымды жаңа дүниелерді тануға болады.
«Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Әдеп», «Әке мен бала» әңгімелерін оқығанда, жастарды
ізгілікке, бауырмалдық пен мейірімділікке, достық қасиеттерге баулуды көздегенін анық
байқадым.
Екіншіден, еңбекті сүю және қастерлеу Ыбырай әңгімелерінің негізгі арқауы болған. Оны
жазушы шағын әңгімелерде өсиет айта келіп, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде
ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай жүргендігін көрсете келіп,
оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сенде еңбек ет, босқа
жатпа» деп бізге де насихаттағандай. «Тіршіліктің тұтқасы еңбек» деп түсінетін Ыбырай
«Қыпшақ Сейітқұл», «Мейірімді бала», «Мұңсыз адам» атты туындыларында еңбекті
бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп қорытындылайды.
Қорыта келе, мен Ы.Алтынсариннің шығармаларымен таныса отырып, мынадай ой түйдім:
жазушы тек қана өлең жазып, ақындығымен танылып қана қоймай, балалрға арнап көптеген
туындылар арнап, қараңғы қазақ көгіне жаңадан білімнің жолын ашқан ұлы тұлғаға
айналды, сонымен қатар балалар әдебиетінің атасы ретінде тәлім тәрбие беріп, жастарды
өнегелі іске баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: