Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

35.
 
Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға 
тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз. 
Қазақ әдебиетіне алпысыншы жылдары келіп қосылған бір көш талантты жастардың ішінде 
Қабдеш Жұмаділовтың орны биік, дара екені анық. Өз замандастарынан біршама ерекшелігі, 
тұлғалық даралығы, оның шығармашылығындағы ерекшелігі Қабекеңнің орны толмас 
тағдырлы тұлға екенінің дәлелі болса керек.
«Тағдыры бөлек тарланбыз» атанған жазушының шынлығында тағдыры оңай болмады. 
Сондықтан болса керек жазушының, көбінесе, қалам тартқан тақырыптарының көбі ел мен 
жер, туып өскен ата жұртына деген сағынышы еді. Соған деген сезімінің сыршылдығынан 
туған болатын. Оныңқай шығармасын алып қарасақ та, туған топырағын аңсаған мұңлықтың 
ой тебіреністері тәрізді. Сондай шығармаларының бірі – «Тағдыр» романы.
Алғашқы қадамын поэзиядан бастау алған қаламгердің бұл туындысы қазақ әдебиетінің 
алтын қорынан өзгеше леп әкелгендей әсер қалдырады. Мұнла бейнеленген адам тағдыры, 


олардың ім әрекеттері мен атқарған істерінің бәрінен де өзгешелік байқалады. Және де осы 
романда қандай тарихи оқиғалардың көрініс табады? Олардың маңызы қандай? 
Романдағы берілген басты оқиға екі алпауыт мемлекеттер Ресей мен Қытай арасындағы 
шекара бөлінісі болса, бірақта оның астарында қазақ жерінің, ұлы даланы жандарын пида 
етіп қорғаған батырлардың рухы жайлаған жерді талап алулары еді. Содан барып қазақтың 
көшпелі мәдениетіндегі өзгерістер мен отырықшылық мәдениетке үйрену, жылдар бойы 
қалыптасқан қағидаттардың бұзылуы еді. Және де қытайлықтардың қамал қорған тұрғыщып, 
қазақтардың өміріне еркін араласулары жанға бататындай жағдай еді. Ал осындай заманның 
шындығы мен тарихи құндылықтарын жеткізе білген бұл романның бас кейіпкері Демежан 
еді. Ол елдің елдігін сақтау жолында талай еңбек атқарып, ауызбіршіліктің іргетасын 
құлатпау үшін тер төгеді. Романда берілген оқиғалар желісі Демежан төңірегінде өрбіп 
отырады. Себебі, Демежан қытайдың шекарада орналасқан әкімшілігіне қызмет ете отырып, 
өз халқының амандығын ойлап жүреді. Сол кездерде орын алған жағдай Петербург 
келісімшартына сәйкес шекара бөлініс кезінде бірге болып, осы іске куә болады. Ал жазушы 
болса, негізгі кейіпкер Демежанды бейнелеу арқылы өмір сүріп отырған қоғамның, 
әлеуметтік ортаның шындығын көрсетуге тырысқан деп ойлаймын.
Қорыта келе, бұл роман арқылы керуеннің көшіндей тізбектелген тарихтың бір ізі 
жатқандай. Сол кездегі шекара бөлінісін арқау етіп алып, жазушы қазақтардың өмірін, 
тұрмыс салтымен қатар бірлігінің қандай екенін оқырманына дәлелдеп кеткендей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет