Ел құлдықты білмесін,жер күндікті,
Аңсаймын мен,сенемін,туады ертең
«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті,- деп бүгінгі егемендікті жыр еткендей
әсерге бөлейді.Ақын болашаққа сенеді.Сондықтан да ол ақынша желпіне,көңіл күйдің
ырқына беріле жырлайды.
Мен – қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге
қайта келдім
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-
Айта
бергім келеді,айта бергім,- деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін
айтылғандай сезімін,ақындық даңқын көтере түседі.
Қорыта келе, қазақ болып өмірге келіп, сол қазақтың жоғын жоқтап, қуанышына
ортақтасуды осы өлең арқылы танитындаймыз. Ұлан ғайыр еліміздің бірлігі мен
ынтымақтастығын сақтап, болашақ ұрпаққа көздің қарашығындай қалдыруды бізге
Ж.Молдағалиев өсиет етіп, бойымыздағы патриоттық рухты оятып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: