Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№25 Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

№25 Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат 
тіршілігінің бейнеленуі.
Жыраулар поэзиясының сапа жағынан да, мазмұны мен тақырыбы жағынан да жаңа сатыға 
көтерген басты өкілдерінің бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Ол – өзі өмір сүріп отырған заманның озбырлық сырын түсініп, әділет жолын жақтаған 
ақын болатын. Өз шығармаларында да адамгершілік қасиеттерді дәріптей отырып, 
жақсылыққа үндейді.
Зар заман дәуірімен тұстас өмір сүрген Майлықожа заман қиындығын суреттеп қана 
қоймай, табиғат құбылыстары мен көріністері туралы ой толғап, оны өз жырларына ақындық 
шабытпен арқау еткен. Негізінен табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы 
болуымен қатар, сыршыл ақындардың өлеңдерінде нәзік өрнектей өрілген ерекше бейне. Ал 
Майлықожа ақын табиғатты жырлауда қандай қырымен ерекшеленеді? Ақын ұғымында 
адам мен табиғатты не байланыстырады? 
Жылдың төрт мезгілі атты жырында жаз, күз, қыс, көктем бәрі де адам тұрмысымен, шаруа 
кәсібімен ұштастыра бейнеленеді. 
Сәуірде көтерілер рахмет туы, 
Ойнайды су бетінде қаз бен қуы. 
Жан жануар көк майсаға баурын төсер 
Емізер жас баладай жауын суы. 
Шаруалар жайлар тауды малын баққан 
Егін сап диқандары кетпен шапқан... 
Менің ойымша, ақынның өзіндік ерекшелігі, жаз мезгілін бейнелегенде, нағыз ыстық кез 
шілде тұсын суреттеп, сол кездегі суалған өзен мен күнге күйіп кеткен шөп сияқты сүреңсіз 
көріністерді адамзат бейнесіне салып, адам мінезінің небір тұсын аша білген.


Екіншіден, табиғат пен адамды егіз санауының бірден бір себебі шаруа адамының 
көзқарасы тұрғысынан қарап, күз бен қыстың бейнесін қысылшаң әрі қытымыр етіп 
суреттейді. Өйткені мал баққан қара қазақ табиғат арқылы ауа райын болжап, қыс қыстауға, 
күз күзеуге шұрайлы қоныс үшін көшіп отырған. 
Қорыта келе, Майлықожаның табиғат жанрына арналған бұл өлеңі адам мен табиғат егіз 
ұғым екенін дәлелдей отырып, шаруа адамының ауыр да қиындыққа толы тұрмысын табиғат 
арқылы дәл жеткізе білген. Бұл өлеңдер қазақ поэзиясында қосылған өзіндік үлес екені анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет