Ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық,
философиялық түйіндерді жинақтаған қара сөздері мен ақынның ақылынан, ой түйінінен
туған поэмасының рухани байланысы бар. Себебі,біріншіден бұл шығармалары Абай
шығармаларының елеулі саласы, әрі нақыл сөздерімен мазсұндас, идеялас, бірін бірі
толықтыра түсетін шығармалар болып табылады.
Менің ойымша, бұның екінші себебі – поэмада да, Абайдың бірінші қара сөзінде де адал
достық, адамгершіліе пен көркем мінезді дәріптей отырып, адамды рухани байытатын осы
қасиеттер екенін танытады.
Үшіншіден, екі шығармада да Абай оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің
бірі адамның адам болуға үйренуі, естілікке ұмтылып, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны
дамыту жайлары туралы өнеге қалдырады.
Қорыта келе, жастайынан ақындыққа ұмтылып, бар ғұмырын халыққа қызмет ету жолына
арнаған Абай қаламынан туған поэма мен қазақ әдебиетіне жаңалық алып келген қара
сөздерінің арасында ерекше байланысы бар екенін тани түскендейміз. Олар ақынның
тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы болумен қатар, көңілдегі көрікті
ойдың өңін қашырмай бізге жеткізе отырып, бұл туындылар арқылы тәлім тәрбие
алғандаймыз.3
Достарыңызбен бөлісу: