Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№41 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

№41 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни 
көзқараспен талдап жазыңыз. 
Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол 
адамгершілік атауының тамырына нәр берген құтты құнар қайырымдылық пен 
мейірімділік. Егер адамның бойында мұндай ізгілік болмаса, біреуге біреу ақ сезіммен, таза 
пейілмен жан шуағын төкпесе, тіршіліктегі жамандық атаулының тоңы жібімейді. Осындай 


ойға қонарлық, үлгілі, өнегелі, сөздерді асыл мағынада Мәшһүр Жүсіп Көпеев атамыз 
қалдырып кеткен екен. 
Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. 
Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар адам 
болғаны анық. 
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама»өлеңінің астарлы ойы, менің ойымша, 
адамгершілік пен мейірімділікке арнап жазылған. Бұлбұл мен Қаршығаның өзара үдеуіне 
ақын атамыз"Адамның да ішінде адалы бар»,-деген сөзге келістіргендей.Кіп-кішкентай 
гүлге ғашық болған парсының «Сандуғашы», қаршығаның жанында бірдей болса да , 
айырмашылығы неде?-деп сұрайды.Қырағы құс қаршығаның жауабын оқи отырып, өзімше 
түсінгенім: Адамға,ұят, иман, сабыр-қазық, 
Қанағат, рақым, шапағат өмірге озық 
Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі 
Бұған сенсең кетпейсің жолдан азып.
Адам ешқашан жаман болмайды. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті жаман бола 
алады.Адамдардың ішінде мінезі қатып қалғаны да болмайды. Істеген әрбәр ісі, сөйлеген 
әрбәр сөзі тікелей адамның өзіңе байланысты немесе өзінің жүріп-тұрып жүрген ортасына 
байланысты.Өз ортаңның елеулі де , сыйлы мүшесі болғың келсе, ең алдымен, 
адамгершілікке, мейірімділік пен қайырымдылыққа жақын болу керек.Осы қасиеттер 
арқылы өзіңді ғана емес, қоршаған ортаңды да өзгерту қиынға соқпайды деп ойлаймын
Осы өлеңді оқи отырып, бұлбұлдың жауабын талдау арқылы жазылған «Ғибратнаманың» 
қазақылық әсері мол екенің байқадым. «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық» -
деген сөзі есіме түсіп кетті. Бір жол өлеңнің мағынасы сондай зор... 
Ойымның соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Абай атамыздың сөзін 
қолдансам деймін. «Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарайды»,-демекші 
адамның жақсысы болайық! Ынтымағымыз бен бірлігіміздің, адамгершілік пен 
сүйіспеншілігіміздің күшімен одан әрі көтеріп, өзге елдің алдында үлгі болайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет