Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№7. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

 
№7. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы 
тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз 
Азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және ауылды 
ұжымдастыру дәуірінің шындығын суреттеуде Ғабиден Мұстафиннің « Дауылдан кейін » 
атты романының елеулі мәні бар. Қызғылықты да өзіндік сыры мен шыны мол өмір 
суреттері жазушының төл туындысы арқылы жаңа бір әдеби толқындай жалғасын тапты.

Романның желісімен таныса отырып біз, қазақ ауылының революциялық өзгерістердің 


құшағына кіріп, кеңестік дамуға бет алу жолдарын терең танып түсінеміз. Дүрбелең кезең 
белең алып келе жатқан жылдардағы ауылдағы таптар тартысының әсерінен оянып, көтеріле 
бастаған жалшы кедейлер негізгі қоғамдық жаңа күшке айналғаны айқын көрінеді.
Осындай қазақтың біртуар жазушысының қаламынан туған осындай шығармада адамдар 
арасындағы тартыс қалай бейнеленген? Бұндай қақтығыстар әлеуметтік тартысқа ұласа алды 
ма? Романның негізі арқылы саралап, осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Мұнда қоғамның 
қарама қарсы екі түрлі таптың күштері сол қалпында өмір сүріп отырса да, екеуінің өміріне 
кеңес заңы арқылы кірген өзгерістер көзден таса қалмайды. Байлар етек жеңін жинап, қанды 


тырнағын ішіне тығып қымсына, үрейлене отырып өз тіршілігін қамтып жүреді. Ал кедейлер 
тобында бұрын соңды болмаған жаңа өзгерістер жаңа сәулеге ұмтылыс оянып, іздену, ілгері 
басу байқалады. Бұл процесс ақырындап бай атауын тарих сахнасынан ығыстырып 
шығаруға дйін жеткізгені көрініс табады. Сондай ақ революцияның бір толқыны жанап 
өткен қазақ ауылында баяу болса да іске асып келе жатқан осы бір өзгеше тіршілік пен 
қоғамдық даму, осы негізде халықтық сана сезім мен мінез құлқында туған жаңашылдық, 
менің ойымша, романның негізгі тақырыбы, әрі жеткізейін деп отырған ойы секілді.
Ғабиден өзі суреттеп отырған өмір шындығын, сол заман адамдарының өміріндегі 
өзгерістерді терең білетін жазушы есебінде роман сюжетін кейіпкерлердің тағдыры мен 
қақтығысына құрып дамытады. Сол себепті шығармада алдымен оқиғалар тізбегі емес, 
адамның іс әрекеті көрінеді. Сол арқылы дәуір сипаты, оның сыры, адам санасындағы 
өзгерістер ашылып, өз сипатын танытады. Қазақ ауылындағы кеңес жұмыстары ұзақта әрі 
қиыншылығы қатар жүре отырып іске асады. Байлар мен кедейлердің арасының ара жігін 
ажырату, кедейлерге таптық мүддесін танытып, өздерін қанаушыларға қарсы күреске 
шақыру, жасқаншақ қазақ кедейінен саналы күрескерлер тәрбиелеу роман оқиғаларының 
негізін құрайды деп толыққанды айтуға болады.
Менің ойымша, феодалдық рушылдық салт санамен уланған, күрес жолынан аулақ таптық 
жік жайында таза ұғымы жоқ ауыл кедейлерінің кеңестік дамуға бірден көндіге алмай, ұзақ 
қателіктерден кейін ғана өмір сырына көндіге бастағанын кейіпкерлер өмірі мен образдары 
арқылы анық та айшықты түрде бізге ашып көрсеткендей.
Қорыта келе, Ғ.Мұстафин бұл романы арқылы өзінің өсу үстінде екенін, шеберлігі жетіле, 
кемелдене түскенін танытты. Әлеуметтік күрескерлердің алға қойған мақсаттары 
салмақтана, байсалдылық тарта бастағаны аңғартылады. Сол арқылы да бізге сол заманның 
ащы шындығы мен халық тұрмысының бай картиналарын көзге елестете отырып, дәстүрдің 
өзіндік ерекшеліктерін, жаңашылдықтың қазақ даласына баяу тарап, әлеуметтік тартысты 
дөп басып бейнеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет