Сұлтанмахмұт – адам құқын қорғаушы, азат өмірді аңсаушы жас.
Жастардың теңіне
қосылып, білім алуына, халқын өрге сүйрер алғыр азамат болып өсуіне тілек қосады.
20 ғасырдың басындағы қазақ ауылының әлеуметтік өмірін кең қамтитын суреттеуде
Сұлтанмахмұттың «Кім жазықты?» өлеңімен жазылған романының маңызы зор.
Романның негізгі кейіпкерлері – қазақтың билеуші табының өкілдері. Олардың өсіп,
тәрбие алған ортасы, ел басқару жүйесіндегі мінез – құлықтары роман оқиғасының негізін
құрайды. Тасболат байдың үш буын ұрпағы ( өзі, Әжібай, Қабыш ), орта
шаруаның өкілі
Байбол, ауылдағы жас, жаңа ұрпақтан Әнуар, Күлтай бейнелері айрықша сомдалған.
Бұлардан басқа романда аздаған қала адамдары да бейнеленген. Ал шығарманың негізгі
идеясын осы бейнелер арқылы берілген.
Сұлтанмахмұт Әжібайға тән қасиеттерді неге айрықша берген? Оны қазіргі жастардың
бойынан көре аламыз ба? Ең алдымен Әжібайдың мінез құлқына зер салып көрелік.
Негізінен жазушы Әжібайды жасынан алғыр, зерек, көзінде жалыны, бойында қуаты бар
бала еді деп суреттейді. Алайда
оны өскен ортасы, ең алдымен бай отбасынан нашар тәрбие
алғандықтан жақсы жолдан тайдырып, бұзық жолмен өседі. Ал бұның себебі неде?
Жас болса да алғыр әлі зейінді, пысық баланы әкенің тәрбиесіздігі мен ескі салт сана
бұзады. 5 жастағы Әжібайға әкесі 11 жасар Жәмиланы қалыңдыққа айттырады. Оның үстіне
Тасболатқа
оның білім алып, көзі ашық зиялы болғанын қаламай, оқудан шығарып әкеледі.
Ескі әдет
заңы бойынша, Жақыптың айттырған жесірін алуға тиіс еді. Міне, осыдан бастап
әке мен бала арасында келіспес тартыс басталады. Осының салдарынан үйінен безіп, «кезбе»
атанады. Ойлағаны тек ойын сауық пен күлкі ғана болады.
Менің ойымша, осы тұста Сұлтанмахмұт қазіргі қазақ жігіттерінің мінез–құлқын, жүріс
тұрысын шенеп тұрғандай. Себебі, қазіргі қоғамда да Әжібайлар аз емес. Олардың бар
атқарар жұмысы ата–анасының тірнектеп жиған байлығын шашып, еңбегін күл қылып,
сауық сайран құру. Дала мен қалада қыдырып жүріп, ата–анасының үмітін ақтамайды.
Сауық күйттеген мағынасыз өмір өткізіп, ең соңында оның аяғы дәл Сұлтанмахмұт сомдаған
кейіпкердің өміріндей аяқталуы әбден мүмкін. Себебі, тұрмыста осындай азғындалған
Әжібай кейін екі әйел алады, алайда бар ойы мал шашу болған ол бірде біреуімен тату да
тұрақты өмір құра алмапты.
Қорыта келе, қазақтың дара жазушысы Сұлтанмахмұт сол замандағы Әжібайды мысал
келтіре отырып, бізге, келешек ұрпаққа өнеге қалдырғандай. Сол арқылы тәлім тәрбие беріп,
түзу жолдан таймауға, ата ана үмітін ақтап, адал еңбек етіп, үлгілі азамат
болуға
шақырғандай.
Достарыңызбен бөлісу: