20
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
5-cабақ
ТҮЙІНДЕМЕ
Анықтамасы:
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы,
кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа
мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.
Түйіндеме (Резюме) –
француз
тілінен алынған термин. “Айтылған я
жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорын-
дарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде
белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Са-
уатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады.
Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі.
Жалпы тәжірибеде түйіндеме екі түрде жазылады. Бірінші –
құжат
атауы А-4 қағазының ортасына қою қара әріппен жазылады. Екінші –
құжат атауы көрсетілмейді, үміткердің аты-жөні А-4 қағазының ортасы-
на қою қара әріппен жазылады.
Түйіндемеде үміткердің «Түйіндеме құрылымында»
көрсетілген
мәліметтер беріледі.
6
Достарыңызбен бөлісу: