О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет33/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

1-жаттығу.
Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіз.
Үлгі:
– Сіз қазақша жаза аласыз ба?
– Жаза аламын.
– Иә, ол қазақша жаза алады.
1. Сіз ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізе аласыз ба?
2. Сіз қазақша еркін сөйлей аласыз ба?
3. Сіз маған өмірбаян жазуға көмектесе аласыз ба?
4. Сіз компьютерде жұмыс істей аласыз ба?
5. Сіз менің сұрағыма жауап бере аласыз ба?
6. Сіз іссапарға бара аласыз ба?
7. Сіз ертең жұмысқа келе аласыз ба?
8. Сіз өмірбаян жаза аласыз ба?
9. Сіз мәтінді дұрыс оқи аласыз ба?
10. Сіз бүгін кешкі жаңалықтарды тыңдай аласыз ба?
11. Сіз мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудара аласыз ба?
2-жаттығу.
Сұхбат мазмұны бойынша қажетті сөздерді (сұрақтарды) 
толтырыңыз.
Тілші: – Сәлем, Айша. Менің интервью алғаныма қарсы емессің ғой 
деп ойлаймын.
Айша: – Әрине, қарсы емеспін. Мен сенің сұрақтарыңа қуана жауап 
беремін.


35
Орынғазы Әбутәліп
Тілші: – Онда бірінші сұрағым. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Талдықорған қаласынанмын.
Тілші: – Сіз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Иә, тұрмыстамын. Екі балам бар.
Тілші: – Кешір, ал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Иә, менің ағам, сіңлім бар.
Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Олар әлі кішкентай. Саябаққа барғанды ұнатады.
Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Иә, олар Талдықорғанда тұрады. Әкем де, шешем де зейнет-
кер.
3-жаттығу.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің аты-жөніңіз кім?
2. Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз?
3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай?
4. Сіздің біліміңіз қандай?
5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?
6. Сіздің мамандығыңыз қандай?
7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз?
8. Қазір қайда жұмыс істейсіз?
9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз?
10. Қай тілде еркін сөйлейсіз?
11. Әскери қызметке міндеттісіз бе? 
12. Қандай әскери атағыңыз бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет