О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-cабақ  Кадр есебі жөніндегі



Pdf көрінісі
бет36/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

7-cабақ 
Кадр есебі жөніндегі 
ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

 
Анықтамасы:
 
Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз – белгілі бір тұлға 
туралы толық мәлімет беретін, арнайы бланкіге толтырылатын 
ісқағаздарының бір түрі.
Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану
магистратураға тапсырған кезде, кандидаттық және докторлық диссер-
тация қорғайтын кезде, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-
ақ ұйымдар, мекемелер талап еткен жағдайларда толтырылатын арнаулы 
бланк түріндегі ресми құжат. 
Жеке іс парағын толтыру кезінде қажет болатын құжаттар:
• 
Жеке куәлік,
• 
СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі),
• 
ӘЖК (әлеуметтік жеке коды),
• 
Диплом (нөмірі),
• 
Еңбек кітапшасы,
• 
Әскери билеті.
Жеке іс парағы – визит карточкасы, өмірбаян, түйіндемеде берілетін 
мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылуы керек. Жеке іс парағында 
адамның білімі, кәсібі мен мамандығы, отбасы жағдайы, қоғамдық 
қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі. 
õ
Жеке іс парағының ерекшелігі:
1) жеке адам туралы толық мәлімет береді
2) арнайы бланкіде толтырылады;
Қорыта айтқанда, жеке адам туралы нақты және толық мәлімет 
беріледі.
6
Құрылымы:
1. Аты-жөні.
2. Жынысы. 
3. Туған күні, айы, жылы. 
4. Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, республика).
5. Ұлты, азаматтығы.
6. Білімі.
7. СТТН (РНН).
8. ӘЖК (СИК).
9. ЖСН (ИИН).


40
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
10. Жеке куәлік нөмірі.
11. Мекенжайы.
12. Телефоны.
13. Оқу орнының атауы, орналасқан жері. Түскен жылы. Бітірген не-
месе шыққан жылы. Бітірмесе, қай курстан кетті. Қандай мамандық бо- 
йынша білім алды. Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не 
куәлік нөмірі.
14. Қандай шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білесіз 
(қандай дәрежеде).
15. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.
16. Ғылыми еңбектері және жаңалықтары (өнертабыстары).
17. Еңбек жолы (Келген уақыты. Кеткен уақыты. Күні, айы және 
жылы. Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрлік). Мекеме, ұйым, 
кәсіпорынның тұрған жері.
18. Сайланбалы орындарға қатысуы (Сайланбалы органның тұрған 
жері. Сайланбалы органның атауы. Кім болып сайланған. Сайланған 
жылы. Шығарылған жылы).
19. Мемлекеттік марапаттары.
20. Әскери қызметке қатысы, әскери атағы (Құрамы. Әскер түрі).
21. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы (Отбасы 
мүшелерінің туған күні, айы, жылы).
22.Толтырылған мезгілі. 
23. Қолы.
Бұл мәліметтерді төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет