Ақпараттық анықтамалық құжаттар



Дата08.02.2022
өлшемі58,36 Kb.
#122026
түріАнықтамалық
Байланысты:
100 метр қашықтықта жүгіру, 09.04 статистика, 26.03 қаржі есеп, бух есеп 1тапсырма

Ақпараттық анықтамалық құжаттар

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

  • Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

Визит карточкасы

  • Визит карточкасы
  • Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
  • * Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
  • * Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
  • * Визит карточкалары негізінде Тітез 14 -шрифтімен жазылады.
  • * Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.
  • - Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы.
  • * Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.
  • * Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар қажеттілігіне қарай көрсетіледі.
  • * Жұмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.
  • * Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.
  • * Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.

Коммерциялық құпия мазмұнындағы құжаттар

  • Коммерциялық құпия мазмұнындағы құжаттар
  • Бүгінгідей бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпорынның коммерциялық құпиялығын құрайтын мәліметтерді анықтау қажеттілігі туады.
  • Оған идеялар, өнертабулар, жаңа технологиялар, фирманың табысы, тауар жеткізуші, тауар өткізу жүйесі, байланыстар туралы мәліметтер т.б. жатады. ҚР Азаматтық Кодексі коммерциялық құпияға жатқызылуы мүмкін мәліметтердің тізімін көрсетеді.
  • Кәсіпорынның өзі заң негізінде коммерциялық құпияға жатқызылатын мәліметтердің тізімін нақты анықтайды. Ол мәліметтер ғылыми-техникалық сипатта болуы мүмкін: схемалар, чертеждер, технологияның ғылыми нұсқалары, жеке электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар.Іс жүргізу туралы мәліметтер де коммерциялық құпияға жатуы мүмкін. Оларға мыналар енеді:
  • клиенттермен қаржылық есептесу, несие туралы мәліметтер (ресми қаржылық есептерден басқа) т.б.;

табыс, өнімнің өзіндік құны мен қызмет көрсету туралы мәліметтер, олардың көлемі мен өту бағалары;

  • табыс, өнімнің өзіндік құны мен қызмет көрсету туралы мәліметтер, олардың көлемі мен өту бағалары;
  • кәсіпорынды дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары, тауардың бар-жоқтығы мен тапсырыстар көлемі;
  • ішкі және сыртқы саудадағы өнім мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін талдау;
  • жарнама қызметінің жоспары;
  • бәсекелестер, делдалдар туралы мәліметтер, олардың қаржылық жағдайы мен қызметкерлер құрамы туралы тізімдер мен басқа да мәліметтер;
  • жасалған және жоспарланған келісімдер мен олардың шарттары, көлемі, сипаты туралы мәліметтер.
  • Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды, құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді.
  • Мемілекеттік үкімет орындары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауға заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды. Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды белгілейді:
  • мәліметтің коммерциялық құпияға жату ережесін;
  • коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін;
  • құпиялық режимін, яғни, коммерциялық құпия істерді жүргізу тәртібін, оның есебін, құпиялылығын сақтау, көбейту, жою мерзімі мен тәртібін;
  • құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын.

Арнайы бұйрықпен (бұйрықтың өзі де құпия болады) басшы «Кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтерінің тізімін» бекітеді. Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы бұйрықпен және оның қосымшаларымен таныса алады. «Кәсіпорынның құпия мәліметтері туралы ереже» жасалуы да мүмкін.

  • Арнайы бұйрықпен (бұйрықтың өзі де құпия болады) басшы «Кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтерінің тізімін» бекітеді. Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы бұйрықпен және оның қосымшаларымен таныса алады. «Кәсіпорынның құпия мәліметтері туралы ереже» жасалуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет