О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


КЕПІЛДЕМЕ  Анықтамасы: Кепілдеме дегеніміз – жеке адам туралы өз саласындағы кәсіби



Pdf көрінісі
бет79/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

КЕПІЛДЕМЕ

Анықтамасы:
Кепілдеме дегеніміз – жеке адам туралы өз саласындағы кәсіби 
шеберлігін, жеткен жетістіктерін сипаттай отырып жазылатын 
ісқағазының бір түрі. 
Кепілдеме – жалпы құрылымы жағынан мінездемеге ұқсас құжат. 
Ортақ белгілері:
1) екеуі де жеке адам өміріне қатысты құжат.
2) екеуі де басқа біреулер тарапынан жазылады.
3) құрылымы бірдей.
Айырмашылықтары:
Кепілдемеде
 
жеке адамның іскери қасиеттерін жеткен жетістіктеріне 
байланысты ұсыныс жасалады, кепілдік береді, ал 
мінездемеде
жеке 
адамның мінез-қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді.
Кепілдеме және ұсыныс хат жалпы мақсаты жағынан бір құжат болып 
есептелінеді.
Кепілдеменің түйінді сөзінде: «ұсынамын», «кепілдік беремін», 
«кәміл сенемін» деген сөздер жазылады.
Кепілдеме және ұсыныс хат біреуді ұсыну мақсатында жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Негізгі мәтіні:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, қызмет орны;
в) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
г) жеке басының мамандығына қатысты іскери қасиеттері, жеткен 
жетістіктері.
3. Қорытынды.
4. Кепілдемені талап етуші ұйымның атауы.
5. Кепілдеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы.
6. Кепілдеме берілген күн, ай, жыл.
Ескерту!
Кейбір жағдайларда кепілдеменің жоғары жағында мекеменің 
фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазы-
лады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының 
қолымен расталады.


80
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет