Силлабус
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
Базалық білім беру институты
«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы
1.Оқытушылар туралы мәлімет:
Оқытушы туралы мәлімет
|
Өткізу уақыты және орны
|
Байланыс үшін ақпарат
|
Аудиториялық сабақтар
|
СОӨЖ
(Офис сағаттары)
|
Whats’Up
|
Әлеуметтік желі аккаунты
|
e-mail
|
Үдербаев А.Ж.,
асс.профессор, ҚжОТК меңгерушісі
|
|
512 БОҒ
|
|
|
|
Жақсылықова К.Б., профессор
|
|
610 БОҒ
|
87087769869
|
|
kulyai@inbox.ru
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Курстың мақсаты: сөйлеу әрекеттері модельдері арқылы студенттердің іскери қатынастық және мәдениетаралық құзіреттілігін қалыптастыру, іскери терминологияны меңгеріп, іс қағаздары мен іскери құжаттарды сауатты құрастырып жазуға үйрету.
Курстың міндеттері: Студенттерді төмендегідей құзыреттіліктерге:
студенттердiң іскери қатынасқа қажетті аялық білімдерін кеңейте келе, мемлекеттік тілде іскери қарым-қатынас жасауға;
өзi жайлы, кәсібі немесе фирмасы, алға қойған жоспарлары туралы, әлеуметтік-тұрмыстық, оқу-еңбек, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери аялар бағытында ойын дұрыс жеткізуге;
іскери қарым-қатынаста айтылған мәселеге қызығушылығын танытуға, өз пікірін нақты дәлелдермен түсіндіруге;
іскери құжаттар мен жарнама, хабарландыруларды, іскери ақпараттарды түсініп оқу, қажеттiсiн iрiктеп ала бiлуге;
тақырып бойынша мәтiндердi оқып түсiну, қажетті мәліметті іздей білуге, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсiнуге және алынған ақпаратты сыни ой елегінен өткізуге;
ғаламтор материалдарымен еркін жұмыс жасау, қазақша ақпараттармен жұмыс iстей бiлуге, мәтінге талдау, сараптама жүргізіп, сыни пікір айтуға;
жағдаяттар бойынша жұптық, топтық шығармашылық, жоба жұмыстарына белсенді қатысу барысында мемлекеттік тілде өз ойын еркін, жүйелі жеткізуге;
өзін қызықтыратын тақырып бойынша мәтін құрастыра білу, өтілген тақырыптар негізінде баяндама, пайымдама, сипаттама жаза білуге, іскери-ресми құжаттар мен іс қағаздарының стильдік ерекшелігін сақтай отырып, сауатты жазуға машықтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |