Базалық білім беру институты «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы



бет4/12
Дата06.02.2022
өлшемі10,98 Mb.
#76540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айтылым
(монолог, диалог)

  • іскери жағдаятты суреттеу, түсіндіру арқылы сұхбаттасын әртүрлі ақпараттардан хабардар ете алады;

  • әр түрлі бағытта (ақпаратты құптау, қарсы шығу, әр түрлі сұрақ үлгілерін дамыта білу, өтініш білдіру, ұсыныс жасау, болжам жасау, өзін таныстыра білу, іскери әңгімені қостау, іскери кездесу туралы келісу, алғыс айту, кешірім сұрау, сипаттау, баяндама, хабарлама жасау) іскерлік қатынасқа еркін түсе алады;

  • тірек сөздерге, жоспарға сүйеніп те, сүйенбей де оқылған үзіндінің мазмұнын аша отырып, әңгімелеп бере алады;

  • сұхбат мазмұнын кейбір сөйлеу оралымдарын сақтай отырып монологқа айналдырып бере алады;

  • сұхбаттасына кеңес бере отырып, іскери бағыттағы мәселені оның көзін жеткізе, сендіре баяндай алады;

  • оқылған немесе тыңдалған мәтінде құрылған жағдаят немесе кейіпкерлер атынан сөйлей алады.

Жазылым

  • іскери қатынаста кәсіби сауаттылығы, іскери тіл стилін қолдана білуі, ресми құжаттарды толтыруда жазу стилінің дұрыстығын өз бетінше тексеріп отыру дағдысы қалыптасады;

  • ойын іскерлік тұрғыдан жеткізіп, ресми құжаттарды талапқа сай толтырады және сауатты жаза алады;

  • әріптесіне іскери тақырып бойынша деректер мен оқиғаларды ретіне қарай баяндап, жазбаша хабарлама, хат жаза алады;

  • іс-қағаздарын стилистикалық, грамматикалық тұрғыдан қатесіз ресімдей алады;

  • іскери құжат мазмұнын жүйелі, басқа мәліметтермен сәйкестендіре қорытындылап, өз ойын жеткізе біледі.

Тілдесім

  • әртүрлі іскери тақырыптар бойынша ауызша сипаттау, баяндау, ойын дәлелдеу, монологтік сөйлей білу құзыреттілігі қалыптасады;

  • іскери, ресми-іскери, саяси-әлеуметтік тақырыптар бойынша өз ойын жүйелі, еркін жеткізе алады;

  • өзінің компаниясы, өнімін сипаттап, кәсібі туралы әңгіме өрбіте алады;

  • тақырып бойынша сұхбат, интервью, пікірталас, дөңгелек

үстелдерге қатысып, келісу, келіспеу, қолдау, мақұлдау, түсіндіру,
жоққа шығару сияқты себеп-салдарлық қатынастарды түсіндіре
алады.

  • пікір алысу, сұрақ-жауап, әңгімелесу арқылы күнделікті іскери қарым-қатынаста әріптесінің ойын түсінеді және оған өз пікірін дәйектеп жеткізе алады;

  • кәсіби, оқу және оқу-ғылыми бағыттарда тілдік қатынастың әртүрлі салаларында кездесетін сөйлеу жағдаяттарында еркін қатынасқа түсіп, сөйлеу мақсатына сай тілдік, сөйлеу бірліктерін орынды қолдана біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет