Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап



Дата09.06.2017
өлшемі41,01 Kb.
#18319
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:  Үлестер. Жай бөлшектер
Білімділік мақсаты: оқушыларға жай бөлшек, үлес, алым, бөлім туралы түсініктер беру; екі натуралсанның бөліндісі жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету; натурал санды жай бөлшек түрінде жаза білуге  үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Танымдымдық қызығушылықты  дамыту
Сабақтың түрі:  Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар                                                    Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру Олардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Сұрақтар:

  1. Шеңбер дегеніміз не ?

  2. Дөңгелек дегеніміз не?

  3. Радиус дегеніміз не?

  4. Диаметр дегеніміз не?

  5. Шеңбердің центрі дегеніміз не ?

  6. Хорда дегеніміз не?

  7. Доға дегеніміз және оның белгіленуі

ІІІ.Жаңа сабақты жалғастыру

Әр түрлі шамаларды (ұзындықты, массаны, уақытты) өлшеу үшін натурал сандардың басқа бөлшек сандар  деп аталатын жаңа сандар енгізілген. Тұтас бір дене тең 8 бөлікке  бөлінген. Мұндай бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес өзара тең төртбұрыш  8 бөлікке  бөлгендегі 1 бөлігі .  Жазылуы: ; оқылуы «сегізден бір»
Демек, , мұндағы сызықша  — бөлшек сызығы.
Жай бөлшек жалпы түрде  мұндағы а- жай бөлшектің алымы, b- жай бөлшектің бөлімі деп аталады.










Бөлшектің астындағы сан неше  үлеске бөлінгенін  көрсетеді., сондықтан оныбөлшектің  бөлімі деп атайды.

Бөлшек сызықтың үстіндегі  сан неше  үлестің  алынғанын көрсетеді., сондықтан оны бөлшектің алымы деп атайды.



Жай бөлшек  Кез келген натурал сан жай бөлшектің  бөлімі, ал 0 саны  және кез келген натурал сан алымы бола алады. Мысалы: 2 алманы 3 балаға тең бөлікке бөлеміз. Әрбір бөлік алманың -і болады. Сонда бір балаға осындай 2 бөліктен беріледі. Балалардың әрқайсысы алманың  бөлігін алады. Жауабы:  бөліктен.


Ереже: Алымы 1 саны, бөлімі 1-ден өзге натурал сан болатын бөлшектер бірлік бөлшектер (аликвоттық бөлшектер) деп аталады. Мысалы :  және т.б.- бірлік бөлшектер

Бір натурал санды  екінші натурал санға бөлуді жай бөлшекпен жазуға болады. Бөлінгіш бөлшектің алымына жазылады да, бөлгіш бөлшектің бөліміне жазылады. Сонымен бөліндіні жай бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы:  Натурал  санды жай бөлшек түрінде де жазуға болады. Әріппен жазсақ:  мұндағы  а- берілген натурал сан, ал n= 1,2,3,4,5,…



IV.Сабақты бекіту

  1. Оқулықпен жұмыс №392, №393, №394- (ауызша)

  2. Тақтамен жұмыс №395, №397, №398 –(жазбаша)

 І деңгей
а)Бөлшекті бөлінді түрінде жаз:
б)Кітапты оқиды- 7 күнде,  ?  бөлігін -2 күнде,   ? бөлігін – 5 күнде

ІІ деңгей 

Бөлінгіш

Бөлгіш

Бөлінді

Алым

Бөлім

Бөлшек

8

15

8:15

8

15




54

7

54:7

54

7




35

93

35:93

35

93




121

204

121:204

121

204




65

81

65:81

65

81




 

3.Математикалық диктант
а)   жай бөлшегі түрінде жаз
Жетіден екіні; бестен үшті; алтыдан бірді; сегізден бесті; оннан тоғызды; жүзден үшті.
б) Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлгендегі оның бір бөлігін….. деп атайды.
в) Бөлшек сызығының астындағы бөлігі …..деп, ал үстіндегі бөлігі ….деп аталады.
г) Координаталық түзудің санақ басы қайсы нүкте…….
д) Бөліндіні жай бөлшек түрінде жаз:
е)  Жай бөлшекті бөлінді түрінде жаз: 

V.Сабақты қорытындылау:

  1. Үлес дегеніміз не?

  2. Жай бөлшектің бөлімі мен алымы нені көрсетеді?

  3. Қандай бөлшектер бірлік бөлшектер деп аталады?

  4. Жай бөлшек пен бөлу амалының арасындағы байланысты мысалдар келтіру.

 VI.Оқушыларды бағалау
VII.Үй тапсырмасы: 786

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет