Сабақтың тақырыбы: § 16. Үлестер. Жай бөлшектер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Үлестер. Жай бөлшектерге есептер шығаруды үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: электронды оқулық.
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі;
2) Сабақ өтілуі;
І. Жаңа сабақ
Әр түрлі шамаларды (ұзындықты, массаны, уақытты) өлшеу үшін натурал сандардан басқа бөлшек сандар деп аталатын жаңа сандар енгізілген.
Дөңгелек (тұтас бір дене) тең 4 бөлікке бөлінген. Мұндай тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес- дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке бөлгендегі 1 бөлігі. Жазылуы дөңгелектің 4-тен 1-і; оқылуы: «төрттен бір». Демек, 1:4 дегеніміз; 1:4=, мұндағы «–« сызықша – бөлшек сызығы.
Алдымен бөлшек сызығының астындағы сан шығыс септігінде оқылады, сонан соң бөлшек сызығының үстіндегі сан атау септігінде оқылады. Егер осындай үлестің екеуін алсақ, онда олтүрінде жазылады. Оқылуы «төрттен екі». Егер осындай үлестің үшеуін алсақ, онда ол түрінде жазылады. Оқылуы «төрттен үш». Мұндағы, және - жай бөлшектер. Бөлшек сызығының астындағы сан неше үлеске бөлінгенін көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің алынғанын көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің алымы деп атайды.
Жай бөлшек
|
Жай бөлшекке түсініктеме
Жаңа сабақ. Төмендегі суреттерде интербелсенді тақта құралдарын қолданып «Жай бөлшектер» тақырыбына арналған флипчарттар жасалған.
Әр түрлі шамаларды (ұзындықты, массаны, уақытты) өлшеу үшін натурал сандардан басқа бөлшек сандар деп аталатын жаңа сандар енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |